Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет552/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   832
Байланысты:
струков патан

Шашыранды склероз 
Шашыранды склероз
(көп склероз

— созылмалы, әрі өршімелі ауру; ми мен 
жұлында (негізінен ақ затта) миелині жойылған ошақтар қалыптасып, ол 
жерлерді глия жайлап, склерозды ошақтар — түйнектер — пайда болады. 
Шашыранды склероз — орталық жүйке жүйесі ауруларының ішіндегі жиісі. 
Әдетте, 20—40-тар шамасында басталады, ер адамдар жиірек ауырады; бірде 
асқынып, бірде бәсеңдеп, толқымалы келеді. Ми мен жұлындағы ошақтар түрлі 
сипатты, әрі көп болғандықтан, аурудың клиникалық бейнесі де әр қилы: 
интенциялық (екпінді) діріл, нистагм, үзік-үзік, баяу сөйлеу, сіңір 
рефлекстерінің күрт үдеуі, спазмды сал (паралич) байқалып, көру қабілеті 
кемиді. Аурудың ағымы әртүрлі. Ол бірде ауыр болып, жедел дамып (жедел 
нысаны), жылдам зағип етіп, мишықтың қызметін бұзса, енді бірде жеңіл 
болып, орталық жүйке жүйесінің қызметін онша бұзбайды, науқас тез айығып 
кетеді. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Даму себебі әлі белгісіз. Бәлкім, вирустың 
әсерінен туындауы, өйткені сырқат адамдардың 80%-ының қанынан вирусқа 
бағытталған антиденелер анықталады, бірақ олар әртүрлі. Вирустың 
миелендену үдерісіне қатысты олигодендроглияға тікелей әсері бар сияқты. 
Аурудың дамып, өршуіне аутоиммундану да әсер ететінін жоққа шығаруға 
болмайды. Миелин мен олигодендроглияға иммундық агрессия жасалатыны 
делелді жайт. 
Склерозды түйнектердің морфогенезі жан-жақты зерттелген. Алдымен 
веналар маңының әр жері миелинін жоғалтып және қайта миелинденіп 
отырады. Ол жерлердің қан тамырлары кеңіп, төңірегіне лимфоциттер мен 
плазмациттер жиналады. Зақымға жауап ретінде глиялық жасушалар көбейіп, 
ыдыраған миелин бөлшектерін макрофагтар сіңіреді. Ақырында склероз 
өрістейді. 
Патологиялық анатомиясы
. Ми мен жұлынның үстіңгі қабатының жалпы 
пішіні онша өзгере қоймайды; кейде жұмсақ қабықшалар ғана су сіңіп ісініп, 
қалыңдайды. Ми мен жұлынды кескенде ақ заттан айқын шектелген, диаметрі 
бірнеше сантиметр, сұр (қызғылт немесе сарғыш) түсті, шашырай жайғасқан 
түйнектер табылады (249-сурет). Түйнектер өте көп болады. Олар бірігіп, 
көлемін едәуір ұлғайтады. Түйнектер ми қарыншаларының маңында, жұлын 
мен сопақша мида, мидың бағаны мен көру аймағында, мишықтың ақ затында 
өте көп, ал үлкен ми сыңарларында аздау. Жұлын кейде симметриялы 
зақымдалады. Зақымды ошақтар көру нерві мен хиазмадан да және көру 
жолдарынан да табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   548   549   550   551   552   553   554   555   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет