Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет551/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі
. Даму себебі мен механизмі белгісіз. Вирустар 
мен иммундық және метаболизмдік үдерістерге мән беріліп жүр. Кейде ауру 
полиомиелиттен кейін дамитыны белгілі. Аш ішектің биоптатынан 
полиомиелит вирусының антигені, қан мен бүйрек шумақтарынан иммундық 
кешендер табылады. Бұл деректерге сүйенсек, амиотрофиялық бүйірлік склероз 
вирустық созылмалы инфекциялармен сабақтас сияқты. 
Патологиялық анатомиясы
. Мәйітті зерттегенде жұлынның алдыңғы 
қозғалтқыш сабаулары ғана зақымдалып, жұқаратыны байқалады; оның түсі сұр 
болады. Ал артқы сезімтал сабаулар өзгермейді. Жұлынды көлденең кескенде 
бүйірлік ми қыртысы-жұлынаралық жолақ қатайыңқырап, ақшылдау тартып, 
маңындағы жолақтардан айқын шектелгені аңғарылады. Кейде мидың 
прецентрал иірімдері семіп, үдеріс ми нервтерінің VIII, X, ХІІ жұптарын да 
қамтиды. Әдетте, науқастардың бәрінің де қаңқалық бұлшықеттері семеді. 
Микроскоппен зерттегенде
жұлынның алдыңғы түбірлеріндегі жүйкелік 
жасушалардың басымырақ зақымдалғанын көреміз; кейбір жерлерінің 
нейрондары жойылады. Нейронсыз аймақтар мидың бағаны мен прецентрал 
иірімдерінен де ұшырасады. Жұлынның зақымды аймақтарындағы жүйке 
талшықтары миелинін жоғалтып, әр жері ісініп, ыдырайды, орталық білік те 
толық жойылады. Пирамидалық жолдың жұлындағы, сопақша мидағы, тіпті 


Нуржігіт Алтынбеков 
446
мидың үлкен сыңарларындағы бөлімдері зақымдалады, кейде оны үдеріс түгел 
қамтуы да мүмкін. Зақымдалған жерлерде глиялық жасушалар көбейеді. Жұлын 
мен оның қабықшаларындағы және шеткі жүйкелік сабақтардағы қан 
тамырларының өне бойының әр жеріне лимфоциттер шоғырланады. 
Амиотрофиялық бүйірлік склерозбен сырқаттар кахексиядан немесе 
аспирациялық пневмониядан 
өледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   547   548   549   550   551   552   553   554   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет