Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет556/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   832
Байланысты:
струков патан

Инфекциялық үдеріс
— өте күрделі құбылыс, оның даму барысы 
қоздырушының ерекшелігі мен макроорганизмнің сезімталдығына байланысты. 
Инфекциялық ауруды қоздыратын микроорганизмнің ерекшеліктері оның 
құрылысы, химиялық құрамы және антигендік қасиетімен ғана емес, сол 
қоздырушы түскен 
макроорганизммен әрекеттесу сипатымен
де ұштас. 
Әрекеттесуден туындайтын нәтиже организмнің 
фагоциттік
(нейтрофилдер 
мен моноциттер) және 
иммундық
қорғаныс жүйелерімен
, әсіресе гуморальдық 
иммунитет жүйсімен тығыз байланысты. Микро- және макроорганизмнің 
қатарлас өмір сүруінің үш нысаны бар: 1) симбиоз — микроб пен 
макроорганизм мүдделес әрекеттестікте өмір сүреді (мысалы, ішек 
таяқшасының ішекте өмір сүруі); 2) комменсализм (французша: 
commensal
— 
дәмдес) — микроб пен макроорганизм бір-біріне әсер етпейді; 3) паразитизм — 
микроб макроорганизм есебінен өмір сүріп, әдетте ауруға ұшыратады. Әртүрлі 
экзогендік және эндогендік себептерден микроорганизм мен макроорганизм 
арасында микроорганизм бел алып, патогенді әсерге ұласуы мүмкін. Кейде 
инфекциялық ауру сапрофиттер мен паразит бактериялар және вирустардың 
арасындағы табиғи тепе-теңдік бұзылып, дисбактериоз қалыптасуының салдары 
ретінде де өрбиді. Мұндай жағдайда индифферентті (енжар) комменсал да, 
зиянсыз симбионт та паразитке айналып, ауру туындатады. Оған микробтық 
флораның қалыпты тепе-тендігін бұза алатын көптеген дәрілердің, әсіресе 
антибиотиктердің әсері түрткі болады. Инфекциялық ауруларға организмнің 
фагоциттік және иммундық жүйесінің әлсіреуі де себеп бола алады. Мысалы, 
бұл жағдай иммундепрессантар мен цитостатиктер ретсіз қолданғанда 
байқалады. 
Қоздырушылардың көбі сыртқы ортадан адам организміне белгілі бір жерлер 
арқылы өтеді, ондай жер 
кірер қақпа
деп аталады. Мысалы: қоздырушы тағамға 
араласып ішекке түседі, ауамен өкпеге кіреді немесе жәндік шаққан кезде, 
зақымдалған тері мен шырышты қабықша арқылы, т.б. да жолмен жұғады. Бұл 
– 
экзогендік инфекция

Организмнің өзіндегі инфект жанданып, жайылса, оны 
эндогендік инфекция

яғни 
аутоинфекция
деп атайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет