Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет553/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
447
249-сурет. Шашыранды склероз
. Мидың кесіндісінде түйнектер көп ( М. Эдер мен П. Гедиктен). 
Аурудың алғашқы кезеңінде
ми мен жұлынды 
микроскоппен зерттеп,
миелинсіз ошақтарды көбіне қан тамырларының, әсіресе вена мен 
венулалардың маңынан табамыз (
перивеналық миелинсіздену
). Қан тамырларын 
лимфоциттер мен мононуклеарлар қоршап, аксондар бүлінбейді. Миелин 
арнайы тәсілмен айшықталса, аурудың алғашқы кезеңінде миелиндік 
қабықшаның ісінгені, оның боялу сипатының өзгергені, сұлбасының иректігі, 
талшықтарының әр жері шар тәрізденіп жуандағаны байқалады. Кейін 
миелиндік қабықша бөлшектеніп, ыдырайды. Микроглиялық жасушалар 
миелин қалдықтарын сіңіріп, түйіршікті шарға айналады. Жаңа ошақтарда 
аксондар да зақымдалады, күміспен тым айқындалып (импрегнация), әр жері 
жуандап, томпаяды, бірақ көбіне толық ыдырамайды. 
Ауру өрши келе
(
соңғы кезеңде
) қан тамырларының төңірегіндегі миелинсіз 
ұсақ ошақтар бірігеді, микроглиялық жасушалар көбейіп, липидті жасушалар 
пайда болады. Ақырында глиялық жауап бұл ауруға тән түйнектерге ұласып, ол 
жерлерде олигодендриттер сиреп, тіпті мүлдем жойылады. 
Өлімнің
себебі — көбіне пневмония. 
Энцефалиттер 
Энцефалит
(грекше: 
еnkерһаlоn
— ми) — мидың қабынуы; инфекциялардан, 
уытты әсерден және жарақаттан дамиды. Инфекциялық энцефалитті вирустар, 
бактериялар немесе саңырауқұлақтар қоздырады; көбіне вирустық энцефалит 
байқалады. 
Вирустық энцефалит
арбовирустар, энтеровирустар, цитомегаловирустар, 
герпес (ұшық) вирустары, құтыру вирусы, балалар инфекциясын дамытатын 
вирустардың бірқатары мен басқа да вирустардың миға әсерінен туындайды. 
Аурудың ағымы жедел, жеделдеу, созылмалы да болып, клиникалық бейнесі 
оның әсеріне байланысты әртүрлі келеді (ступор — мелшию, милық кома — 
талма, делирий, сал, т.б. нышандар байқалауы мумкін). Вирустық энцефалиттің 
этиологиясы серологиялық тәсілдер арқылы айқындалады. Этиологиясын 
морфологиялық тәсілдермен де пайымдауға болады. Вирустық энцефалитке 
мынадай морфологиялық нышандар тән: 1) қабынған ошаққа лимфоциттер, 
плазмациттер, макрофагтар, яғни мононуклеалы (жалғыз ядролы) жасушалар 
шоғырланады; 2) микроглия мен олигодендроглия диффузды көбейіп, таяқша 
немесе амеба тәрізді жасушалар пайда болады; 3) нейронфагия өрістеп, 
нейронфагиялық түйнектер қалыптасады және 4) ядроларда (ядроішілік) және 
цитоплазмада (цитоплазмаішілік) қосымшалар болады. Аурудың себебін 
клиникалық патолог (патологанатом) иммундық гистохимия тәсілдері мен in 
situ гибридтеу тәсілін қолданып, ми тінінен де (биоптат) айқындай алады. 
Бұрынғы КСРО-ның территориясында кенелік энцефалит жиі кездесетін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет