Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет554/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
448
КЕНЕЛІК ЭНЦЕФАЛИТ 
Кенелік энцефалит
(
көктем-жазғы кенелік энцефалит

— трансмиссиялық 
немесе алиментарлық жолмен тарайтын, табиғи ошақты, вирустық жедел ауру. 
Оның табиғи ошақтары негізінен Еуропа мен Азияның орманды өңірлерінде 
кездеседі. Дегенмен, ол жерлердің өзінде ауырғандардың саны бірнеше жүзден 
аспайды. 
Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі
. Кенелік энцефалиттің вирусы 
арбовирустар тобына жатады. Ол — РНҚ-лы вирус, буынаяқтылардың 
организмінде өсіп өнеді. Вирустың табиғи қоры иксод (жайлымдық) кенелерде 
(
Ixodes реrsиlсаtus
және 
Іхоdes rіcіnіs
) қалыптасып, солар арқылы адамға 
жұғады. Вирус инфекциялы тағы жануарлардың (вирустың уақытша қоры — 
ала тышқан, дала тышқаны мен құстар) қаны арқылы кененің қарнына түседі. 
Қарнынан вирус кененің бүкіл денесіне тарап, әсіресе сілекей, аналық бездеріне 
және жұмыртқаларына көбірек жиналады. Жұмыртқаға жұққан вирус кененің 
келесі ұрпағына берілсе, сілекейі арқылы жануарларға жұғады. Жыныстық 
тұрғыдан жетілген кене ірі қара мал, ешкі, қой, ит сияқты үй жануарларының 
қанын сорып қоректенеді. Кей жерлер үшін ешкінің ерекше эпидемиялық мәні 
бар: вирус шикі сүт арқылы жұғады. Вирус бұлай жұқса, қостолқынды 
(двухволновый) деп аталатын менингэнцефалит (вирус кене шаққанда да 
жұғады) дамиды, ол кейбір отбасыларына тән. 
Бұл ауру жыл маусымымен байланысты: әдетте, көктем-жазғы мезгілде 
(
көктем-жазғы энцефалит
), кейде күзде қаулайды. Инкубациялық мерзімі 7—
20 күн. Ауру жедел басталады. Науқас денесі қалтырап, басы ауырып, есінен 
танады, кейде эпилепсия тәрізді қояншық ұстайды, менингийлік симптомдар, 
парездер мен салдану (ауру ауыр болса) байқалады. Сырқат 
ұзақ ағымды 
болса, 
науқастың жады нашарлайды. Бұлшықеттері семіп, қозғалу қабілеті жарым-
жартылай ғана қалпына келеді. Көбіне мойын мен иық белдеуінің 
бұлшықеттерін парез шалып, семеді (басы салбырап қалады). Ауру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   550   551   552   553   554   555   556   557   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет