Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет559/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   832
Клиника-морфологиялық сипаты 
тұрғысынан басымырақ зақымдалған 
мүше мен жүйеге қарай: 1) жамылғының (тері мен оның қосалқыларының, 
сыртқы кілегейлі қабықшасының), дененің клетчаткасы мен бұлшықеттерінің
2) тынысалу жолдарының; 3) асқорыту жолының; 4) жүйке жүйесінің; 5) 
жүрек-тамыр жүйесінің; 6) қан жүйесі мен организмнің ішкі ортасын құрайтын 
басқа да тіндердің және 7) несеп-жыныстық жолдардың инфекциясы деп 
топтастырылады. 
Ағымына қарай
, инфекциялар:1) жедел, 2) созылмалы, 3) латентті (жасырын) 
және 4) баяу ағымды нысандарға бөлінеді. 
Вирустық аурулар 
Вирустық аурулар
алуан түрлі, өйткені вирустың түрлері де әр алуан. Олар 
өте жұқпалы, сондықтан 
эпидемия
немесе 
пандемия
қаулатады. Вирустық 
инфекцияның 
ағымы
да әртүрлі. 
Ол жедел не созылмалы болып қана қоймай, латентті (жасырын) немесе баяу 
дамып, ерекше көңіл аударуды талап етеді. 
Вирустық инфекцияның баяу
нысанының инкубациялық кезеңі кейде тым ұзаққа (бірнеше жылға) созылады. 
Ондай жағдайда вирус организмде үздіксіз (персистенциялы) көбейіп, ауру ұзақ 
уақыт өршіп, көбіне өлімге ұшыратады. Вирустық инфекцияның алуан түрлі 
болу себебі вирустың белгілі бір мүше мен тіннің жасушаларын таңдап қана 
зақымдайтынымен байланысты (
вирустық тропизм
). Вирустың жасушаға кіру-
кірмеуі бір жағынан жасуша қабықшасындағы рецепторлардың сипатына 


Нуржігіт Алтынбеков 
452
(гликопротеидтерге 
немесе липидтерге), 
екіншіден, 
вирустың «кіру 
ферментінің» ерекшелігіне байламды. Мысалы, құрамында арнайы ферменттері 
(нейраминидаза, 
муциназа) 
бар 
гриптік 
вирус 
пен 
аденовирустар 
гликопротеидті (полисахаридті) рецепторлармен әрекеттесіп, тынысалу 
жолдарындағы эпителий жасушаларының цитоплазмасы мен ядросына оп-оңай 
енеді. Полиомиелиттің вирусы құрамында липидтер мол ми тіні тектес 
липопротеидті рецепторлармен әрекеттесу арқылы нейронның цитоплазмасына 
өтіп кетеді. Жасушадағы ферменттер вирустың капсомер-белоктарын бүлдіреді, 
сондықтан вирустағы нуклеин қышқылдары цитоплазмаға шығып, жасушаның 
ультрақұрылымдарына қосылады. 
Вирустың нысана-жасушамен арақатынасының
морфологиялық бейнесі әр 
алуан: 1) вирус цитолизді әсер етеді (грипп пен А гепатитінің вирусы); 2) вирус 
жасушаны зақымдамай-ақ оның геномымен бірігеді (В гепатиттің вирусы); 3) 
нысана-жасушалар көбейеді (парагрипп, шешек); 4) қызылша, респирация-
синцитийлік инфекциямен ауырғанда алып жасушалар түзеді (трансформация); 
5) денешіктер — қосымша заттар түзіледі (грипп, аденовирустық инфекция
құтыру). Сондай-ақ, бірқатар вирустар жасушаның геномымен бірігіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет