Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет561/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
453
альвеолалардың эпителийі мен капиллярлардың эндотелийіне адсорбцияланып, 
оларға кіріп, көбейеді; вирусемия өрбиді. Вирус көбейе келе, бронхылар мен 
альвеолалардың эндотелийі өледі, олардан шыққан қоздырушылар бронхылар 
мен кеңірдектің эндотелийіне қоныстайды. Сол кезде ауру басталып, жедел 
бронхит пен трахеит дамиды. Гриптің вирусы бронхылар мен кеңірдектің 
эпителийін
жойып (цитолиз), дистрофия, некроз, десквамация өрістетеді. 
Бронхылар мен кеңірдектің эпителийлік бөгені зақымдалып, вирусемия дамып, 
вирустың әсеріне тән тағы басқа да бірқатар үдерістер туындайды. Вирустың 
вазопатиялы (вазопараличті
) әсерінен толыққандылық, стаз, плазма- және 
геморрагия өрістейді, нейтрофилдер мен моноциттердің фагоцитоздық әрекеті 
тежеліп, аутоаллергия орын алып, уытты әсерлі иммундық кешендер түзіліп, 
организмнің бүкіл қорғаныс жүйесі әлсірейді
. Бұл аурудың басты патогенездік 
механизмдері осы. Вирустың вазопатиялы және иммундепрессиялы әсерінен 
косымша инфекция жанданып, жергілікті (ринит, фарингит, трахеит, бронхит, 
пневмония) және жалпы (дисциркуляциялық, паренхималық дистрофия, 
қабыну) өзгерістерге түрткі болады. 
Вирус жедел инфекциялық үдеріске ұшыратпауы да мүмкін. Гриптің латентті
(симптомсыз) және созылмалы нысандары да бар, олар әсіресе перинаталдық 
патологияда маңызды орын алады. 
Патологиялық анатомиясы
. Гриптен өрбитін өзгерістер қоздырушының 
типіне (грипп А
2
үнемі ауыр ағымды), оның қуатына, макроорганизмнің хал-
жағдайына, қосымша инфекцияның сипатына байланысты әртүрлі болады. 
Гриптің жеңіл (емханалық),
орташа және ауыр нысандары бар. 
Гриптің жеңіл нысанында
тынысалу жолдарының жоғарғы бөлімінің 
шырышты қабықшасы зақымдалып, жедел катарлы рино-ларинго-трахео-
бронхит дамиды. Қан кернеп, шырышты қабықша ісінеді, ұйымалы-шырышты 
экссудат тым көп бөлінеді. Микроскоппен эпителийдің асты толыққанды, су 
сіңіп ісінгені, оған лимфоциттер шоғырланғаны, кірпікшелі эпителий 
көпіршіктеніп, кірпікшелерін жоғалтқаны, ал бокалша жасушалар мен 
ұйымалы-шырышты бездер секретті тым көп түзіп, оларды астарлайтын 
эпителийдің біразы сыдырылғаны байқалады. Эпителийдің цитоплазмасында 
грипке тән 
базофилді
және 
оксифилді
(
фуксинфилді

қосымшалар
пайда 
болады. 
Базофилді 
ұсақ 
қосымша 
заттардың 
грипп 
вирусының 
микрошоғырлары екені флюоресценциялы антиденелерді қолданғанда айқын 
көрінеді (250-сурет). Оксифилді қосымша зат — жасушаның вирусқа қарсы 
бағытталған әрекетінен түзілетін өнім; ол зақымдалған органеллалардың 
орнында қалыптасады. Цитоплазмалық қосышалар мен грипп антигенін 
аурудың ең алғашқы кезеңінде кеңсіріктің шырышты қабықшасынан алынған 
жұғындыдан (мазок) да табуға болады; бұл дерек грипті дәл анықтауға 
мүмкіндік береді. Гриптің жеңіл нысаны 5—6 тәулікке созылады; тынысалу 
жолдарының жоғарғы бөлімдерінің шырышты қабықшасы толық қалпына 
келіп, науқас толық айығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет