Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет563/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
455
Эпителийлік жасушалардың цитоплазмасында қосымшалар мен вирустық 
антиген, өкпенің микроскопиялық кесіндісінде микроб колониялары болады. 
Өкпенің көлемі ұлғайып, кесіндісі тарғыл тартады 
(«гриптік ұлғайған тарғыл 
өкпе»).
Үдеріс плевраны қамтыса, ұйымалы немесе фибринді плеврит өрістейді. 
Плевралық эмпиема дамып, кейде перикард пен медиастениум іріңдейді. 
Гриппен аурулардың 
ішкі мүшелерінде
қанайналымы бұзылып, дистрофия 
мен қабыну үдерістері өрістейді. 
Жүректің

бауыр
мен 
бүйректің
қан 
тамырларын қан кернеп, қанды ошақтар пайда болады, паренхимасын белокты 
және майлы дистрофия шарпиды. Бұл мүшелер грипп пневмониямен 
асқынғанда ғана қабынады. Кейде жүректің интрамуралдық ганглийлерін 
дистрофия шарпып, жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне ұшыратуы да 
мүмкін. 
Ауыр гриптен қанайналымы бұзылып, 
ми
күрт ісінеді,
мишықтың бадамшасы 
шүйдедегі үлкен тесікке кептеліп, науқас сол себепті қаза болады. Кейде 
ұйымалы
 
менингит
дамып, энцефалит қосарланады. 
Гриптік энцефалит
кезінде 
мида қанды ұсақ ошақтар пайда болып, қан тамырларының төңірегіне 
лимфоциттер шоғырланады, нейроглиялы түйіншектер қалыптасып, жүйке 
жасушаларын дистрофия шарпиды. Дистрофия мен қабыну үдерістері 
кезбе 
және
 симпатикалық жүйкелерді

шеткі жүйкелік сабақтарды
да жайлайды. 
Қол мен аяқтың, бүйрекүсті бездерінің, бүйректің 
веналары
мен мидың 
синустары
қабынып, тромбылар түзіліп, 
тромбылы флебит
дамиды, 
артериялардың
кей жерлеріндегі ішкі эластикалы мембраналар ыдырап, 
интимасы қалыңдайды, іргелерінде тромбылар қалыптасып, 
тромбылы 
артериит
те байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет