Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет562/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   558   559   560   561   562   563   564   565   ...   832
250-сурет. Грипп:
а — вирустың ядродағы (А) және ядро төңірегіндегі (В) арнайы люминесценциясы; б — 
некрозды трахеит.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
454
Орташа әсерлі гриптен
шырышты қабықшада өрбитін патологиялық үдеріс 
тынысалу жолдарының жоғарғы бөлімдерімен ғана шектеліп қоймай, ұсақ 
бронхылар мен бронхиолаларды және өкпенің паренхимасын да қамтиды. 
Трахея мен бронхылардың шырышты қабықшасы 
ұйымалы-геморрагиялы 
қабынып
, кейде некрозды ошақтар ұшырасады (250-суретті қара). Эпителийлік 
жасушалардың біразы қатпарлы сыдырылып, бронхылардың саңылауын 
бітейді, сөйтіп ателектаз және жедел эмфизема ошақтары қалыптасады. 
Толыққанды ателектаз бен жедел эмфиземалық аймақтарда ошақты 
гриптік 
пневмония
өрістейді (251-сурет). Ол жерлердегі альвеолаларға ұйымалы 
экссудат, альвеолалық макрофагтар, сыдырылған альвеолалық эпителий, 
эритроциттер мен бірлі-жарым нейтрофилдер жиналып, кейде гиалинді 
мембраналар да түзіледі. Септалық жасушалар көбейіп, лимфоциттер 
шоғырланып, альвеолааралық перделер қалыңдайды. Гриптік пневмония кейде 
геморрагиялы. Бронхылық және альвеолалық эпителийдің цитоплазмасында 
қосымшалар пайда болады. Қабынып, некробиоз шарпып, десквамация дамыған 
өкпеде регенерация өрістейді.
251-сурет. Гриптік пневмония. 
Орташа әсерлі гриптің ақыры да организм үшін, әдетте жайлы, науқас 3—4 
аптадан соң толық айығып кетеді. Түрлі себептерден әлсірегендер, қарттар мен 
балалар және жүрек-тамыр ауруларымен сырқатанатындарда гриптік 
пневмония ұзаққа созылып, кейде жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігіне 
немесе өлімге ұшыратады. 
Ауыр гриптің
екі нысаны бар: бірі айқын бейнелі жалпы уытты әсермен 
(интоксикация) сипатталса, екіншісінде қосымша инфекция дамып, өкпеде 
әртүрлі зардапты үдерістер өрбиді. 
Ауыр гриптің 
жалпы интоксикация айқын бейнелі нысанында
вирустың 
цито- және вазопатиялық әсері басты орын алады. Трахея мен бронхылар 
ұйымалы-геморрагиялы қабынып, некроз дамиды. Өкпеде қанайналымы 
бұзылып, қан құйылып, ұсақ ошақты (ацинустық, бөлікшелік) ұйымалы-
геморрагиялы пневмония мен жедел эмфиземалы және ателектазды ошақтар 
аралас жайғасады. Грипп тым күрт дамыса, уытты әсерден өкпе геморриялы 
суланып ісінеді. Қан өкпеден басқа жерлерге де, миға, ішкі мүшелерге, сірі 
және шырышты қабықшаларға, теріге құйылады. Ондай науқастардың біразы 
4—5 тәуліктің ауқымында мидың тіршілік үшін маңызды орталығына қан 
құйылғандықтан немесе тынысалу қызметінің жеткіліксіздігінен өледі. 
Ауыр гриптің 
өкпедегі зардаптары
қосымша инфекциядан (стафилококк, 
стрептококк, пневмококк, көкшіл ірің таяқша) өрбіп, аурудың тынысалу 
мүшелеріндегі морфологиялық бейнесін едәуір өзгертеді. Қабыну мен 
дистрофия көбіне трахеядан өкпеге қарай жылдам өрістейді. Егер ауру өте ауыр 
ағымды болса, көмей мен трахеяның, шырышты қабықшасы фибринді-
геморрагиялы қабынып, некрозды ошақтар мен ойық жаралар қалыптасады. 
Бронхыларда деструкциялы панбронхит өрбіп, жедел бронхэктаздар мен 
ателектазды және жедел эмфиземалы ошақтар орын алады. Грипп оңай 
асқынып, ацинустық, бөлікшелік немесе біріккен бөлікшелік бронхпневмония 
мен абсцестер дамып, некрозды, қанды ошақтар қалыптасуына бейім келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   558   559   560   561   562   563   564   565   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет