Этиологиясы мен патогенезі .
Парагриптің
қоздырушылары
—
Раrаmухоvіrіdае туыстастығына жататын, РНҚ-лы пневмотропты вирустардың
I-IV типтері. Олардың диаметрі 150-300 нм, бұрыс сфера пішінді немесе ұзын
спираль бітімді келеді. Вирустың капсидінде көпядролы жасушалар
симпластысын құрауға түрткі болатын фактор бар. Парагриптік вирустардың
зақымдағыш әсері гриптің вирусына қарағанда нашарлау.
Парагриптің патогенезі гриптікіне ұқсас болғанмен, уытты әсері онша айқын
бола қоймайды, ағымы жеңілдеу. Вирустың I және II типтері дамытқан
парагриптің барысы гриптің жеңіл нысанына ұқсас, бірақ жедел ларингит жиі
дамып, көмей су сіңіп өте ісінеді, жалған круп пен асфиксия жиірек байқалады.
Парагриптік вирустың III типі тыныс жолдарының төменгі бөлімін басымырақ
зақымдаса, вирустың IV типіне уытты әсер тән. Бұл вирустар мидың
эпендимасы мен тамырлар өрімінің жасушаларында көбейе алатыны белгілі.
Патологиялық анатомиясы . Тынысалу мүшелерінде парагриптен дамитын
өзгерістер грипте сипатталған өзгерістерге ұқсағанымен, ондай айқын бола
қоймайды. Парагриптік вирустың әсерінен трахея мен бронхылардың эпителийі
көбейеді, көпіршіктеніп, бүріскен (пикнозды) бір немесе бірнеше ядролы,
полиморфты жасушалар пайда болады. Бұл осы ауруға тән белгі. Полиморфты
жасушалар десте түзіп көбейеді. Өкпе зақымдалса, тап әлгіндей көпядролы
жасушалар ұйымалы-десквамациялы экссудатқа да араласады, бірақ
интерстицийде онша көп болмайды, қанды ошақтар да сирек ұшырасады. Кейде
менингэнцефалит дамиды.
Парагрипп басқа инфекция қосарланғанда ғана
асқынады . Көбіне
бронхпневмония, ангина, синусит, отит, евстахеит байқалады.
Парагрипп басқа үдерістермен асқынбаса да, науқас кейде жалған круптен
тұншығып
өледі немесе оның өліміне вирустық пневмония мен өкпеде
өрістеген қосымша инфекциялар себеп болады. Парагрипп жас сәбилер үшін
өте қауіпті, өйткені жалпы инфекцияға айналуы мүмкін.