ЖИТС-тің даму кезеңдері және олардың морфологиясы . АИВ жұққандар
ертелі-кеш ЖИТС-пен ауруға тиісті сияқты. Ауру ұзақ уақыт (1 жылдан 15
жылға дейін) біртіндеп өршіп, өзіндік клиникалық және морфологиялық бейнесі
бар бірнеше кезеңнен өтеді. Оның: 1) инкубациялық; 2) персистенциялы жалпы
лимфаденопатиялық; 3) пре-ЖИТС-тік (ЖИТС ассоциялы кешен) және 4)
ЖИТС кезеңдері бар (XXIIІ тәсім).
Инкубациялық кезеңнің мерзімі АИВ-тің жұғу жолы мен сипатына, жұққан
мөлшеріне, бастапқы кездегі иммундық жүйенің жағдайына байланысты
болады да, бірнеше аптадан 10-15 жылға дейін созылады. Бұл кезеңде вирустың
жұққанын қаннан оның антигенін немесе анти-АИВ-антиденені анықтап барып
айқындауға болады. Алғашқы кезде қанда вирустың антигені күрт
көбейгенімен, кейін, 6—8 аптадан соң, анти-АИВ-антидене түзіліп, оның
мөлшері
кеміп,
сероконверсия орын
алады.
Кейбір
зерттеушілер
сероконверсияны ЖИТС-тің тағы бір жеке кезеңі деп есептейді.
Ауру инкубациялық кезеңінде көбіне біліне қоймайды, анда-санда ғана
мононуклеоз тәрізді синдром байқалып, науқастың қызуы көтеріледі, бірқатар
лимфалық түйіндер ұлғаяды, кейде энцефалит дамиды. Бірақ бұл сиңдром,
әдетте бірнеше аптадан соң басылады.
Екінші кезеңі —
персистенциялы жалпы лимфаденопатия кезеңінде лимфалық түйіндердің бірқатар тобы тұрақты сипатта, бірнеше ай бойы
ұлғаяды. Лимфаденопатия В-жасушалардың қарқынды бейспецификалы
Нуржігіт Алтынбеков 462
жауабына негізделіп, лимфалық түйіндердің фолликулдары (лимфалық
фолликулдар мен оның ашық түсті орталықтары) ұлғаяды. Бұл кезеңнің мерзімі
3-5 жылдай.
XXIII тәсім. ЖИТС-тің кезеңдері Жыл (15 шамасы)
АИВ