Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет579/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   832
Байланысты:
струков патан

ЭПИДЕМИЯЛЫ БӨРТПЕ СҮЗЕК 
Эпидемиялы бөртпе сүзек
(
thyphicus exanthematicus
) — жедел ағымды 
қалтырау тән риккетсиоз; ұсақ қан тамырлары мен ми зақымдалып, токсикоз 
байқалып, бүкіл денені розеола және петехийлі бөртпе жайлайды. Бұл ауру 
жасы 20-40-тар шамасындағыларда жиірек, егде тартқан адамдарда сиректеу, ал 
балаларда өте сирек байқалады. Ер адамдар жиірек ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Эпидемиялы бөртпе сүзекті Провацек-да Роха-
Лима риккетсиясы қоздырады. Риккетсияның жұғатын көзі де, резервуары да 
науқас адам, ал оны науқастан сау адамға киім (кейде бас) биті тасымалдайды. 
Қоздырушы битке ауру адамнан жұғады. Бит шаққан кезде денесін тырнап
жарақаттаса, биттің нәжісіндегі риккетсия сау адамға дариды. 10-12 күнге 
созылатын инкубациялық мерзімнен кейін аурудың қалтыраулы кезеңі 
басталып, уытты-параличті әсерден бүкіл микроциркуляциялық арна 
зақымдалады (257-сурет). Әсіресе сопақша ми ауыр зақымдалып, артериялық 


Нуржігіт Алтынбеков 
468
қысым күрт төмендейді. Риккетсиялар ұсақ қан тамырларының эндотелийіне 
қоныстап, көбейіп, жалпы васкулит өрістетіп, орталық жүйке жүйесін, сопақша 
ми мен теріні ауыр зақымдайды. Қалтыраулы кезең меңдей келе (аурудың 2-3 
аптасында), сопақша ми қатты зақымдалып, науқас кейде дұрыс жұтынып, 
тыныс ала алмай да қалады. Организмді кең қамтыған васкулиттен және жүйке 
жүйесінің трофиканы реттейтін қызметі бұзылып, тіндердің төзімділігі 
төмендейді, аз уақыттың ішінде некрозды ошақтар мен жауыр аймақтар пайда 
болады. Симпатикалық жүйкелік жүйе мен бүйрекүсті бездері зақымдалып, 
гипотония үдей түсіп, жүректің жұмысы әлсіреп, науқас қайтыс болуы да 
мүмкін.
257-сурет. Эксперименттік бөртпе сүзек: 
микроциркуляциялық арнаның қан тамырларындағы стаз және 
эритроциттер агрегациясы (А.П. Авцынның препараты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет