Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет574/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   832
Байланысты:
струков патан

253-сурет. ЖИТС. 
Лимфалық түйіннің лимфоидтық тіні өте азайған. 
ЖИТС-тің 40%-да 
қатерлі ісіктер
байқалады. Олардың ішінде ең жиісі —
Капоши саркомасы (науқастардың 30 %-ында) мен қатерлі лимфомалар. 
Капоши саркомасы
(идиопатиялық геморрагиялы көптүйінді саркома) — 
сирек ауру; көбіне жасы 60-тан асқан ер адамдарда дамып, ағымы баяу әрі 
қатерсіздеу келеді. Әдетте, аяқтың төменгі жағының терісінде қошқыл қызыл 
дақтар, түйіншектер (бляшка) немесе түйіндер қалыптасады. Олардың үсті 
жараланады. Кейде өздігінен жойылып, ісіктің орнын тыртық немесе 
пигментсіз дақ басады. Ісіктің макробейнесін жаңадан түзілген, қабырғасы 
жұқа, іші эндотелиймен астарланған қан тамырлары мен ұршықпішінді 
жасушалар құрайды, бұл элементтер ретсіз жайғасады (254-сурет). Оның босаң 
тінді стромасына қан құйылып, гемосидерин шоғырланады. ЖИТС-пен 
ауыратындарда Капоши саркомасы қатерлі болып, классикалық вариантынан 


Нуржігіт Алтынбеков 
464
басқаша өрістейді. Үдеріс бүкіл организмге жайылып, лимфалық түйіндерді, 
асқорыту жолын, өкпені, басқа да мүшелерді қамтиды.
254-сурет. ЖИТС-пен ауыратын науқастағы Капоши саркомасы. 
Терінің зақымы. 
ЖИТС кезіндегі 
қатерлі лимфомалардың
көбі В-жасушалы. Беркитт 
лимфомасы да жиі кездеседі («
Лимфомалар — қанжасам және лимфалық 
тіннің аймақтық ісіктік ауруларын»
қара). 
Алуан түрлі оппортунистік инфекциялар мен ісіктер қосарлана дамып
ЖИТС-тің клиникалық бейнесін әр алуан етеді. Дегенмен, оның жиі байқалатын 
клиникалық
варианттары да бар: өкпелік вариант, ОЖЖ зақымдалатын 
синдром, асқазан-ішектік синдром және даму тегі белгісіз қалтырау тән 
вариант. 
Өкпелік вариант
— ең жиі вариант (80%), оған, әдетте пневмоцисталық 
пневмония, цитомегаловирустық пен атипиялы микобактериялық инфекция 
және Капоши саркомасы қосарланады. 
Орталық жүйке жүйесін зақымдайтын синдром
АИВ-тік энцефалитті, 
токсоплазмалық, криптококкоздық пен цитомегаловирустық инфекцияларды 
және лимфомаларды қоса қамтып, деменцияға ұшыратады. 
Асқазан-ішектік синдром
кезінде кандидоз бен цитомегаловирустық 
инфекцияға және криптоспоридоз бен атипиялы микобактериялық инфекцияға 
диарея қосарланып, науқас ақырында қатты жүдейді (кехексия). 
Даму тегі белгісіз қалтыраудың
бірқатарында атипиялы микобактериялық 
инфекция немесе қатерлі лимфома байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   570   571   572   573   574   575   576   577   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет