Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет582/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   832
Байланысты:
струков патан

Симпатикалық жүйке жүйесі
қабынып, онда түйіншектер түзіліп, 
лимфоциттер шоғырланып, толыққандылық байқалады; жүйкелік жасушалар да 
едәуір зақымдалады (
бөртпе сүзектік ганглиолит
). Шеткі жүйкелік жүйе де 
қабынып, 
неврит
орын алады. 
Бөртпе сүзек үнемі 
жүректі
де зақымдайды; дистрофия мен 
интерстицийлік 
миокардит
дамып, стромасында плазмациттер, лимфоциттер ошақты, кейде 
диффузды сіңбелер мен түйіншектер түзеді. Миокардиттің айқындығы әртүрлі 
болады. Бөртпе сүзек ірі, орташа және ұсақ 
артерияларды
жиі зақымдайды. 
Қан тамырларының эндотелийін некроз шарпып, бұлшықетті қабатында да 
кейде сегментті некроз байқалады, соның салдарынан тромбылар түзіліп, сол 
аймақта қанайналымы бұзылады: қол мен аяқта гангрена, ми мен көздің торлы 
қабықшасында некроз ошақтары пайда болады. 
Эндокриндік бездер
де әртүрлі өзгереді. Қалқанша безде аралық қабыну 
дамыса, бүйрекүсті бездерінде бөртпе сүзекке тән эндо- және периваскулит, 
тромбылы эндоваскулит өрістейді. Бүйрекүсті бездерінің ұлпасында некрозды 
ошақтар байқалып, милық қабатына қан құйылады. Басқа мүшелердің аралық 
ұлпасына гистиоциттер мен лимфоциттер және плазмациттер жиналып, кейде 
қанды ошақтар ұшырасады. 
Асқыну зардаптары
. Олар алуан түрлі және қан тамырлары мен жүйке 
жүйесіндегі өзгерістерге негізделген. Көбінесе трофика бұзылады. Сол себепті 
терінің шамалы қысым түскен жерлерінде некрозды ошақтар, ал дененің 
шығыңқы жерлерінің терісі жауыр болады. Мойынның симпатикалық 
ганглийлері зақымдалса, сілекей бездері сөлді аз бөліп, ауыз құрғап, 
қосымша 


Нуржігіт Алтынбеков 
470
инфекцияға
қолайлы жағдай туады: іріңді паротит пен отит дамып, кейде 
сепсиске ұласады. Дәрі еккен жерлердің шел майында некрозды ошақтар пайда 
болып, 
олеогранулема
қалыптасады (май ұлпасында өздігінен де дамуы 
мүмкін). Қанайналымы бұзылып (васкулиттерден), жүректің қызметі 
(миокардиттен) әлсірейтіндіктен, 
бронхит

пневмония
өрістейді. 
Бөртпе сүзекпен сырқаттанғандар жүрек қызметі жеткіліксіздігінен немесе 
аурудың басқа да зардаптарынан 
өледі
. Әсіресе 40 жастан асқандардың 
арасында өлім-жітім көбірек болады. Бұл ауру балаларда жеңіл ағымды, 
сондықтан оларда өлім-жітім де аз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   578   579   580   581   582   583   584   585   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет