Патологиялық анатомиясы . Бұл ауруға тән өзгерістерді тек микроскоппен
ғана анықтауға болады. Мәйітті аутопсиялық тәсілмен ғана зерттеп, бөртпе
сүзек ауруын дәл анықтау қиын. Теріде дақ тәрізді немесе қоңыр және қызыл
түсті нүкте сияқты
бөртпелердің нышаны ғана болады. Аурудың 2-4-ші
аптасында үнемі
конъюнктивалық бөртпелер пайда болады. Мидың тіні
толыққанды, ал оның дөңес бетіндегі жұмсақ қабықша көмескілеу келеді
(
ұйымалы менингит ). Талақ ұлғайып, салмағы 300-500 г жетіп, жұмсарады,
толыққанды пульпасының бетінен шамалы ғана қырынды алынады. Басқа
мүшелерді дистрофия шарпиды.
Мүшелерді, әсіресе ОЖЖ мен теріні,
микроскоппен зерттегенде олардың
капиллярлары мен артериялары зақымдалып, осы ауруға тән
бөртпе сүзектік васкулит өрістегені анықталады. Алдымен қан тамырларының эндотелийі
ісініп, зақымдалып, сыдырылады, қабырғасында тромбылар түзіліп, кейде
саңылауын
бітейді.
Кейін
эндотелий
мен
адвентициялық
және
периадвентициялық жасушалар көбейіп, қан тамырларының төңірегіне
лимфоциттер мен бірен-саран лейкоциттер жиналады, некрозды ошақтар
қалыптасады. Ұсақ қан тамырлары қабырғасындағы жасушалардың көбею
қарқыны, некроз бен тромбоз үдерістерінің арақатынасы әртүрлі болады.
Сондықтан бөртпе сүзектік васкулиттер де
сүйелді эндоваскулитке ,
пролиферациялы васкулитке және
некрозды васкулитке жіктеледі. Көбінесе
деструкциялы-пролиферациялы тромбылы эндоваскулит өрістейді. Қан
тамырларының іші мен сыртына шоғырланған жасушалардан түйіншектер
түзіледі. Бұл түйіншектерді алғаш рет 1875 ж Л.В. Попов ОЖЖ-дан тауып,
сипаттаған-ды. Кейін олар бөртпе сүзекке тән құрылымдар деп танылып,
Поповтың бөртпе сүзектік гранулемасы деп аталды (258-сурет).