Нуржігіт Алтынбеков
467
емделген науқастар толық айығып кетеді. Дегенмен, бұл емнің өзінің де
зардаптары бар: менингэнцефалит, Ландридің өрлемелі салдануы, кейбір
жүйкелік бөлімдерге қатысты салдану дамып, науқастың психикасы да
зақымдалуы мүмкін.
Риккетсиоздар
Риккетсиоздар
— риккетсиялар туыстастығына жататын микроорганизмдер
қоздыратын аурулар тобы. Риккетсиялардың бактериялардан айырмашылығы
— эндотелий мен мезотелийде қоныстайды. Олар дамытатын аурулардың
бірқатар эпидемиологиялық және клиника-морфологиялық ерекшеліктері
болғандықтан, бұл аурулар риккетсиоздар деп аталып, ерекше топқа бөлінген.
Табиғи жағдайда риккетсиялар қансорғыш буынаяқтыларда (бит, бүрге, кене),
кейбір түз және үй жануарларында, тіпті адамда да болады. Риккетсиялық
инфекцияның табиғи жағдайда сақталып, жиналатын резервуарлары — кенелер,
түз жануарлары және үй жануарлары. Эпидемиялы бөртпе сүзек пен Волын
қалтырауы сияқты риккетсиоздар ауру адамнан ғана жұғады. Басқа
риккетсиоздар — эндемиялы инфекциялар, сондықтан энзоотиялы (табиғи
ошақты) аймақтарда ғана байқалады.
Классификациясы
. П.Ф. Здродовский мен Е.А. Голиневич (1972)
риккетсиоздардың бірыңғай номенклатурасын ұсынып, оларды 11 топқа
жіктеген: 1) битті (эпидемиялы) бөртпе сүзек және сирек сүзек, яғни (Брилл-
Цинссер ауруы); 2) эндемиялы (егеуқұйрықтық) бөртпе сүзек; 3) Шыңды
таулардағы дақты қалтырау; 4) Марсель қалтырауы; 5) кенелік бөртпе сүзек; 6)
Солтүстік Австралиялық сүзек; 7) везикулалы (шешектәрізді) риккетсиоз; 8)
Цуцугамуши қалтырауы; 9) Ку-қалтырауы; 10) Волын қалтырауы; 11) кенелік
пароксизмді риккетсиоз.
Бұлардан адам патологиясында ерекше орын алатындары: эпидемиялы бөртпе
сүзек, сирек бөртпе сүзек және Ку-қалтырауы.
Достарыңызбен бөлісу: