Нуржігіт Алтынбеков
476
Гистологиялық тәсілді қолданғанда шырышты қабықшадағы тереңдігі әртүрлі
некрозды ошақтар мен өлекселі аймақтарды фибриндік талшықтар жайлағаны
байқалады.
Некрозды ошақтардың төңірегіндегі шырышты қабықша мен оның астына су
сіңіп, лейкоциттер шоғырланады, әр жері қанталайды. Ішектің жүйкелік
құрылымдарын, яғни шырышты қабықшаның астындағы (Мейсснер өрмелері)
және бұлшықеттердің арасындағы (Ауэрбах өрмелері) өрмелерді, дистрофия
мен некроз шарпиды: жүйкелік жасушалар көпіршіктеніп, кариолиз дамиды;
жүйкелік талшықтар ыдырап, леммоциттер көбейеді.
Дифтериттік нысанда кейде некроз тым өршіп кетеді, ал анаэробтық
инфекция қосылса, ішекте гангрена дамиды (
дизентериялық гангреналы колит
)
Достарыңызбен бөлісу: