Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет589/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
474
САЛЬМОНЕЛЛЕЗДЕР 
Сальмонеллездер
— сальмонеллалар қоздыратын ішектік инфекциялар. Бұл 
инфекциялар адам мен жануарлар ауыратын — антропозооноз. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Сальмонеллалардың ішінде адам патологиясы 
үшін ең маңыздылары: 
Salmonella typhi murium, Salmonella enteritidis (Gartneri) 
және
 Salmonella cholerae suis
. Инфекция ас арқылы жұғады. Жұғу көзі — ауру 
адам, бактериятасымалдаушы, дұрыс сойылмаған, жақсы сақталмаған мал мен 
құс еті, тауық жұмыртқасы. Аурудың патогенезі бактерияның ерекшелігіне, 
ішекте жойылған сальмонеллалардан бөлінген эндотоксиннің мөлшеріне, 
пирогенді, цитоуытты және вазопараличтік әсеріне байланысты. Кейде жедел 
гастроэнтерит дамып, қанайналымы күрт бұзылып, коллапс байқалса; енді 
бірде, сальмонеллездің бейнесі іш сүзегіне ұқсайды. Сальмонеллез басқа 
инфекцияларға (дизентерия, қайталамалы сүзек) қосарланып, олардың ағымын 
ауырлата түсуі де мүмкін. 
Патологиялық анатомиясы
. Сальмонеллездің интестиналдық (токсикалы), 
сепсистік және іш сүзегі тәрізді үш нысаны бар. 
Интестиналдық нысаны
көбіне тағамнан уланғанда дамиды. 
Өте жедел 
гастроэнтерит
орын алып, организм суын жоғалтады. Ағымы холераға 
(тырысқаққа) ұқсас, сондықтан оны 
«үй холерасы
» (
cholera nostas
)деп те 
атайды. 
Сепсистік сальмонеллездің
интестиналдық сальмонеллезден айырмашылығы 
бар — аш ішек онша өзгермей, гиперемия, су сіңу, лимфалық құрылымдарда 
гиперплазия ғана байқалады; бірақ бактериялар 
гематогендік жолмен
бүкіл 
организмге жайылып, мүшелердің көбінде (өкпе, ми) іріңді метастаздар 
қалыптасады. 
Сальмонеллездің 
іш сүзегі тәрізді нысанының
бейнесі іш сүзегіне ұқсас 
болады да, оны
Salmonella paratyphi А
және 
Salmonella Schottmulleri
қоздырады. 
Ішекте, лимфалық түйіндерде, талақта іш сүзегіне тән өзгерістер өрістеп, бірақ 
олардың бейнесі онша айқын бола қоймайды. Сондықтан да ішектегі зақымдар 
сирек асқынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   585   586   587   588   589   590   591   592   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет