Нуржігіт Алтынбеков
475
тоқ ішек катарлы қабынады. Эпителий жойылған кезде энтеротоксин түзіліп,
вазопараличті
әсер етеді; қан тамырларында паралич дамып, ішектің
қабырғасындағы жүйкелік ганглийлер де зақымдалады.
Ішектің эпителийі
бүлініп, қан тамырлары параличке ұшырайтындықтан, экссудация үдеп,
катарлы қабыну фибринді қабынуға ұласады да,
кейін фибринді қабыршық
сыдырылып, шырышты қабықшада некроз өрістеп, ойық жаралар пайда болады.
Сонымен, тоқ ішекте дизентериядан дамитын морфологиялық өзгерістер
эпителийдің ішіндегі шигелланың тіршілік әрекетімен
және оның токсинінің
вазопараличтік әсерімен сабақтас деп айтуға әбден болады. Науқастың жас
шамасының да едәуір әсері бар.
261-сурет. Дизентерия:
ішектің эпителийлік жасушасындағы
шигелла (Бак);
жасуша ауыр дистрофиялы; эндоплазмалық
тордың (ЭТ) өзекшелері кеңіп, вакуольді, митохондриялар (М)
мен микробүрлер (Мб) деструкциялы. 8000 (Такеуши мен
басқалардан).
Достарыңызбен бөлісу: