Нуржігіт Алтынбеков
477
Асқыну зардаптары
. Көбіне тоқ ішекте қалыптасқан ойық жаралармен
байланысты. Жара тесіліп (микроперфорация), парапроктит немесе перитонит,
флегмона дамиды, кейде ішектен қан кетеді. Қабырғасын тыртық басып,
ішектің саңылауы тарылады. Бронхпневмония, пиелит пен пиелонефрит,
токсикалы ұйымалы артрит, бауырда пилефлебиттік абсцестер дамып, басқа
мүшелер де зақымдалады, амилоидоз байқалады, уытты әсерден науқас қатты
жүдейді.
Дизентериямен аурулар, әдетте ішегіндегі немесе басқа мүшесіндегі зақым
асқынғандықтан
өледі
.
ИЕРСИНИОЗ
Иерсиниоз
— жедел инфекциялық ауру; асқазан мен ішекті, жалпы жайылып,
басқа мүшелерді де зақымдайды.
Иерсиниоз зооноздар тобына жатады. Бұл аурудың табиғи резервуары бар.
Кемірушілер, мысық, ит, шошқа, ірі және ұсақ қара мал. Жұғу көзі —
иерсиниозбен аурулар мен тасымалдаушылар. Балалар жиірек ауырады.
Этиологиясы мен патогенезі
. Аурудың қоздырушысы —
Yersisnia
enterocolitica
. Әдетте, ас, яғни көкеніс, жеміс, ет және сүт арқылы жұғады. Даму
барысы бірнеше кезеңге бөлінеді. Жұққан қоздырушы асқазан бөгенінен өте
алса, аш ішектің шырышты қабықшасына кіріп,
энтерит
дамытады.
Иерсинийлер ішектен лимфа арнасы арқылы шажырқайдағы лимфалық
түйіндерге жетіп, көбейіп,
мезентерийлік лимфаденит
өрістетеді. Содан соң
лимфалық жүйеден қанға өтіп,
жалпы жайылып (диссеминция
),
ішкі мүшелерді
зақымдайды, уытты әсер (интоксикация
) туындатады.
Достарыңызбен бөлісу: