Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет598/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқыну зардаптары
спецификалы және бейспецификалы топқа бөлінеді. 
Спецификалы топқа
холералық тифоид пен холералық уремия жатады. 
Холералық тифоид
— организмнің қайта жұққан вибрионға қарсы бағытталған 
гиперергиялық жауабы. Ішектегі патогенді флораның әсерін де жоққа шығаруға 
болмайды. Алгидтік кезеңнің клиника-морфологиялық нышандары тифоидтық 
кезеңде жойылады. Тоқ ішекте 
дифтериттік колит
дамып, дизентериялық 
колитке ұқсас болады. Талақтың пульпасы көбейіп, инфарктілер қалыптасады. 
Бауырдың бөлікшеаралық қан тамырларында тромбылар түзіліп, түрлі көлемді 
некрозды ошақтардың қалыптасуына себеп болады. Бүйректе 
жеделдеу 
экстракапиллярлық гломерулонефрит
дамиды немесе 
өзекшелердің эпителийін 
некроз
шарпиды. Бұл үдерістерден холералық тифоид кезінде уремия өрістейді. 
Постхолералық уремия
— алгидтік холераның ерекше асқынғандығының 
бейнесі: бүйректің қыртыстық қабатында инфаркт тәрізді некрозды ошақтар 
қалыптасады. 
Холераның 
бейспецификалы зардаптарына
пневмония, абсцесс, флегмона, 
тілме, сепсис
жатады. 
Науқастар, әдетте холераның алгидтік кезеңінде организмі суын 
жоғалтқандықтан немесе комадан, уремиядан, уытты әсерден 
өледі
. Қазір ем 
дер кезінде әрі дұрыс (су мен электролиттер және антибиотиктер) 
қолданылатын болды, сондықтан холераның алгидтік кезеңіндегі өлім-жітім 
едәуір азайды. Холера асқынса, көбінесе уремия дамып, өлімге ұшыратады. 
ОБА 
Оба
(
pestis
) — өте жедел инфекциялық ауру; карантиндік (конвенциялық) 
аурулар тобына жатады. 
Этиологиясы
. Бұл ауруды обалық таяқша (
Pasteurella
pestis
) қоздырады. 
Обалық таяқша түрліядролы лейкоциттер мен макрофагтарда ұзақ тұрақтап 
(персистенция), фибринолизин мен гиалуронидаза түзеді. Ол — аэроб, әрі 
факультативті анаэроб. Оның антигені адам тінінің антигені тәрізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   594   595   596   597   598   599   600   601   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет