Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет595/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   832
Байланысты:
струков патан

Сепесистік иерсиниоздың
бейнесі септицемия тәрізді; аурулардың 50%-ын 
өлімге ұшыратады. 
Асқыну зардаптары
. Әдетте, инфекциялық-алллергиялық сипатта дамиды. 
Аурудың алғашқы кезеңінде ішектегі ойық жаралар тесіліп, перитонит дамуы 
мүмкін, сарғаю мен пневмония да байқалады. Соңғы кезеңінде полиартрит, 
түйіншекті эритема, Рейтер синдромы, миокардит орын алады. Ауру асқынса
мерзімі ұзарып, кейде бірнеше айға созылады. 
Ақыры
. Әдетте, жаман емес: кейде қайталанып, созылмалы ағымды болады. 
Өлімге көбіне сепсистік нысаны ұшыратады. 
ХОЛЕРА 
Холера
(көне еврейше: 
choul ran
— жаман ауру; грекше: 
chole
— өт, 
rheo
— 
ағу; қазақша: тырысқақ) — өте жедел инфекциялық ауру; асқазан мен аш ішекті 
басымырақ зақымдайды. Холера карантиндік, яғни конвенциялық инфекциялар 
тобына жатады, өте жұқпалы. Ол — нағыз антропоноз. 
Этиологиясы
. Холераны 1884 ж. Р. Кох ашқан вибрион қоздырады. Азия 
холерасын дамытатын Кох вибрионы мен Эль-Тор вибрионының алатын орны 
ерекше. Эль-Тор — Египеттегі карантиндік бекет. Эль-Тор вибрионы 1906 ж. 
осы бекетте анықталған; бұрын шартты патогенді деп есептелетін. Кох 
вибрионындай емес, бұл вибрион қоздырған ауру жеңілдеу, өлім-жітімі азырақ. 
Эпидемиологиясы мен патогенезі
. Холераға эпидемия немесе пандемия тән. 
Соңғы 150 жылда холераның 7 пандемиясы болған. Жетінші пандемия 1961 ж. 
Индонезияның Сулавеси деген жерінде басталып, Азия, Еуропа мен Африка 
елдерін қамтыған. Оған Азия холерасының вибрионына қарағанда түрлі әсерге 
тұрақтылау, тұщы суда, теңіз суында да өмір сүре алатын, сыртқы ортада 
өміршең Эль-Тор вибрионы себеп болған. 
Бұл ауру холерамен аурулардан немесе вибрионтасымалдаушылардан 
жұғады; вибрионның резервуары — су. Вибрион энтералдық жолмен, әдетте 
ластанған ауыз суы арқылы жұғады. Инкубациялық кезеңі 3-5 тәулік. 
«Сілтісүйгіш» вибрион асқазанның «қышқыл бөгенінен» өте алса, өзіне 
қолайлы жағдайды аш ішектен табады (өз еркімен экспериментке келіскендерде 
холера асқазан сөлін нейтралдағаннан кейін дамыған). Вибрион аш ішекте 
көбейіп, экзотоксин (холерген) бөледі. Экзотоксиннің әсерінен шырышты 
қабықшаның эпителийі изотониялы сұйықтықты көп түзеді. Холерген 
жасушалардың ферменттік жүйесімен әрекеттесіп
жасушаның
«натрийлік 
насосын»
тежеп, 
сұйықтықтың қайта сорылуын
бұзады; сұйықтық сол себепті 
көбейеді. Тым көбейген сұйықтық қайта сорылмағандықтан, іш тоқтаусыз өтеді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   591   592   593   594   595   596   597   598   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет