Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет600/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   832
Байланысты:
струков патан

сипатта
дамиды
; алдымен некрозға жауап ретінде 
ұйымалы-геморрагиялы нысанда басталып, кейін ол геморрагиялы-некрозды 
және іріңді қабынуға ұласады. 
Патологиялық анатомиясы
. Бұл ауру бубонды, тері-бубонды (терілік), 
алғашқы өкпелік және алғашқы сепсистік нысанға жіктеледі. 
Бубонды оба
кезінде бактерия кірген аймақтың лимфалық түйіндері ұлғаяды 
(көбіне шаттағы, кейде қолтықтағы, мойындағы). Олар алғашқы обаның 
біріншілік бубондары деп аталады. Жеке (265-сурет) немесе бірден көптеген 
түйіндер зақымдалады. Бубонның диаметрі 5-8 см; лимфалық түйіндер өзара 
бірігіп, қозғалмай қалады, тіні жұмсақтау, кесіндісі қоңыр-қызыл түсті, 
некрозды болады. Бубонның маңы су сіңіп ісінеді. Микроскоппен зерттегенде 
өте жедел 
ұйымалы-геморрагиялы лимфаденит
байқалады: лимфалық түйінге 
қан мен ұйымалы сұйықтық сіңіп, микробтар орасан көп жиналып, 
ретикулалық жасушалар көбейеді Кейін некроз қосарланып, 
лимфаденит 
геморрагиялы-некрозды
болады. Некроздың салдарынан лимфалық түйіндердің 
тіні 
іріңдеп
, жидиді де, ойық жаралар қалыптасады. Аурудың ақыры жақсы 
болса, ойық жаралардың орнын тыртық басады. Бактериялардың лимфогендік 
және гематогендік жолмен бүкіл организмге жайылу көзі көбінесе біріншілік 
алғашқы бубондар болады.
265-сурет. Оба. 
Оң жақ иықтағы бубон. 
Бактериялар 
лимфогендік жолмен
жайылса, жаңа (
біріншлік, екінші ретті, 
үшінші ретті, т.с.с. алғашқы
) бубондар пайда болады. Олар да сол аймақтың 
лимфалық 
түйіндеріндегідей 
морфологиялық 
өзгерістерге 
ұшырайды. 
Инфекция 
гематогендік жолмен
жайылса, тез арада 
обалық бактериемия 
мен
 
септицемия
дамиды. Дене бөртіп, көптеген қанды дақтар пайда болып, 
лимфалық түйіндер мен талақ гематогендік жолмен зақымдалады, обалық 
салдарлық пневмония дамиды, мүшелердің паренхимасын дистрофия мен 
некроз шарпиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   596   597   598   599   600   601   602   603   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет