Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет614/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
492
жұғудан сақтандырады. Туберкулезге қарсы иммунитет инфекциялы болатыны, 
стерильді емес екендігі, организмде әлсіреген микобактерия болса ғана қалыптасатыны 
дәйктелген жайт. Микобактерия тіпті біріншілік туберкулездің ізбестенген 
ошақтарынан да табылып қалады. Көптен бері жаңа туған сәбилер мен жас балаларға 
әлсіреген туберкулез микобактериясынан дайындалған BCG-вакцинасы егіліп жүр. 
Туберкулезге қарсы вакцинаны міндетті түрде егудің нәтижесінде соңғы жылдары 
қоздырушы жұққан балалардың саны күрт кеміп, жұғу мерзімі балалардың ересектеу 
шағына қарай ығысты. Ал, ересек балалардың қорғану жүйесінің қуаттылау екендігі 
белгілі. Бірақ ізбестенген, тіпті шамалап сүйектенген казеозды ошақтардағы 
вируленттілігі нашар микобактериялар немесе оның L-нысаны организмнің қорғану 
күші әлсіреген кезде жандануы да мүмкін. Бұны есте ұстаған жөн. 
Ішектегі ойық жаралар тыртықтанып жазылса, лимфалық түйіндер 
ізбестенеді. Олар баяу сүйектенеді. 
Біріншілік туберкулездің жалпы жайылып (генерализациялы) өршуі

Оның 4 нысаны бар: гематогендік; лимфогендік (лимфа бездері арқылы); 
алғашқы аффект өсіп және аралас өршитін жол. 
Ауру 
гематогендік жолмен
өршісе, біріншілік туберкулездің бастапқы 
кезеңінде-ақ микобактерия алғашқы аффектіден немесе казеозды лимфалық 
түйіннен қанға өтіп, жалпы жайылады (диссеминация). Микобактерия әртүрлі 
мүшелерге жайылып, көлемі тарыдай ғана милиарлы төбешіктер (
милиарлы
туберкулез
; 71-суретті қара) немесе бұршақтай одан да ірі төбешіктер 
қалыптасуына себеп болады. Сондықтан гематогендік жолмен жалпы 
жайылған туберкулез 
милиарлы
және 
ірі ошақты
нысанға жіктеледі (268-
сурет). Әсіресе, мидың жұмсақ қабықшасын туберкулездік милиарлы 
төбешіктер жайлап, туберкулездік лептоменингит дамыса, өте қауіпті. Кейде 
микобактерия гематогендік жолмен жайылып, өкпенің ұшында және басқа да 
мүшелерде бірен-саран көлемі әртүрлі ошақтар қалыптасады (Симон 
ошақтары). Алғашқы инфекциядан айыққаннан кейін бірнеше жылдардан соң 
туберкулез осы ошақтардан сол жерде қайта басталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   610   611   612   613   614   615   616   617   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет