Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет610/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
488
Патологиялық анатомиясы.
Қайталамалы сүзектің морфологиялық негізін 
Ресей ғалымдары (Никифоров М.Н.,1887; Войно-Ясенецкий М.В.,1964) 
зерттеген. Бұл ауруға тән өзгерістер талақта дамиды. Талақ 400-600 г дейін 
ұлғайып, қатаяды, қабығы керіліп, кейде үстінде фибринді қабыршық түзіледі. 
Кейде талақ жыртылып, науқас адам қансырайды. Мүшені кескенде, 
пульпасынан ақшыл сұр түсті ұсақ ошақтар айқын көрінеді. Қан тамырларының 
қабырғасын некроз шарпып, саңылауында тромбылар түзіледі, сондықтан 
талақтың қабығының астында инфаркт тәрізді некрозды ошақтар пайда болады. 
Талақты 
микроскоппен зерттегенде
фолликулдары ұлғайып, ондағы 
лимфоциттер ыдырап, орнын нейтрофилдер басқаны байқалады. Бұл өзгерістер 
әр ұстаманың соңында, яғни спирохеталар фагоцитозға ұшыраған кезде 
айқындау. Талақтың фолликулдарындағы некрозды ошақтар 
милиарлы
некроз
деп аталады (44-суретті қара). Кейін некрозды ошақтар толық қалпына келеді 
немесе олардың орнын ұсақ тыртық жайлайды. 
Бауыр
мен 
бүйректе
дистрофия дамып, тіні қанталайды. 
Миокардтың
бұлшықет талшықтарын да дистрофия шарпып, стромасындағы жасушалар 
көбейеді. Түрлі мүшелердің 
ұсақ қан тамырларында
деструкция байқалады. 
Асқыну зардаптары
. Қайталамалы сүзекпен сырқаттанғандар көбіне 
талағы 
жарылғандықтан
өледі. Науқас қатты жүдесе, пневмония, қабырға 
сүйектерінде перихондрит байқалады. Кейде сальмонеллез қосарланып
қайталамалы сүзек сепсис тәрізді дамып, бүйректе көптеген іріңдіктер 
қалыптасып, науқастың денесі сарғаяды, сепсиске тән басқа да өзгерістер орын 
алады. 
ТУБЕРКУЛЕЗ 
Туберкулез
– адам организмінің бүкіл мүшелерін, әсіресе өкпені зақымдайтын 
созылмалы инфекциялық ауру. 
Туберкулез әлі де ең кең таралған аурулар тобында. Дүние жүзінде жыл 
сайын 2-3 млн адам алғаш сырқаттанып, 3-5 млн астамы өледі.Аурулардың 
жалпы саны 15-20 млн, олардың жартысынан көбі 45 жастан асқандар. 
Туберкулезбен аурулар мен одан өлгендердің 75%-ы Азия мен Африка және 
Оңтүстік Америкадағы елдердің тұрғындары. Бұл елдерде туберкулез ауруын 
эпидемиялы сырқаттар тобына жатқызған жөн, өйткені онда бұл ауру азаюдың 
сыңайын да байқатпайды. ДДҰ туберкулезге қарсы күресті халықаралық 
тұрғыда қоғамдасу арқылы жүзеге асыруда. 
Туберкулездің басқа инфекциялық аурулардан бірқатар айырмашылығы бар: 
1) эпидемиялық, клиникалық және морфологиялық тұрғыдан ол убиквитарлы 
инфекция (латынша: 
ubique
– жаппай, барлық жерде); 2) туберкулез қосбейнелі, 
яғни иммунитет пен аллергияның арақатынасына қарай, ол қоздырушының 
жұққанын да және ауруды да бейнелейді; 3) оның клиника-морфологиялық 
бейнесі алуан түрлі; 4) созылмалы әрі толқымалы ағымды – даму барысында 
бірде қаулап, бірде бәсеңдеп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет