Нуржігіт Алтынбеков
490
зақымдалмайды. Қабыну үдерісі үнемі плевраны да қамтып, фибринді немесе
ұйымалы-фибринді плеврит өрістейді.
XXIV тәсім. Біріншілік туберкулез ағымының варианттары
І
ІІ
ІІІ
IV
Спецификалы қабыну үдерісі алғашқы аффектіден тез арада оның маңындағы
лимфалық тамырларға жайылып,
туберкулездік лимфангит
дамиды. Өкпенің
түбіріне қарай тартылған лимфалық арнада лимфостаз дамып, төңірегіндегі тін
су сіңіп ісінеді, туберкулез төбешіктері қалыптасады. Бұл төбешіктер алғашқы
аффекті мен өкпе түбіріндегі лимфалық түйіндердің арасында тізбектеліп,
жолақ түзеді.
Көп кешікпей қабыну үдерісі бронхы-өкпелік, бронхылық және
бифуркациялық лимфалық түйіндерге жайылып, олар да спецификалы
қабынады, тез арада казеозды некроз өрістейді. Сөйтіп, тотал
туберкулездік
казеозды лимфаденит
дамиды. Лимфалық түйіндер бірнеше есе ұлғайып,
кесіндісінен тек қана некроз көрінеді. Әдетте, сол аймақтың лимфалық
түйіндері алғашқы аффектіге қарағанда ауырлау зақымдалады.
Кеуде қуысындағы лимфалық түйіндерді казеозды некроз шарпып,
маңындағы клетчаткада айқындығы әртүрлі перифокал қабыну дамиды; ауру
ауыр ағымды болса, кейін ол жерлер де ірімтіктелген некрозға ұшырайды.
Лимфаденит
Алғашқы аффект
Казеозды лимфаденит
Инкапсуляция
Склероз
Инкапсуляция
Петрификация
Петрификация
Өршу
Өршу
Аффектінің өсуі
Гематогенді
генерализация
Гематогенді
генерализация
Казеозды
пневмония
Өкпедегі шашыранды ошақтар
Лимфабезді
генерализация
Алғашқы
каверна
Басқа мүшелердегі шашыранды ошақтар
Өкпелік
алғашқы көксау
Милиарлы
туберкулез
Милиарлы
туберкулез
Біріншілік созылмалы
туберкулез
Біріншілік созылмалы
туберкулез