Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Біріншілік туберкулездің өкпедегі ірі ошақты нысаны



Pdf көрінісі
бет615/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   611   612   613   614   615   616   617   618   ...   832
268-сурет. Біріншілік туберкулездің өкпедегі ірі ошақты нысаны. 
Біріншілік туберкулез лимфогендік (лимфа безді)
1
жолмен өршісе

бронхылық, бифуркациялық, кеңірдектің маңындағы, бұғананың асты мен 
үстіндегі, мойындағы және басқа да лимфалық түйіндер біртіндеп спецификалы 
қабынады. Клиникалық тұрғыдан, 
туберкулездік бронхадениттің
ерекше 
маңызы бар. Егер лимфалық түйіндер ісікке ұқсап тұтасып кетсе, 
ісіктәрізді 
бронхаденит
деп аталады. Казеозды лимфалық түйіндер ұлғайып, бронхыларды 
қысып, саңылауын тарылтады, өкпеде ателектаз бен пневмония ошақтары пайда 
болады. 
Біріншілік туберкулез ішектен басталып, лимфа-безді жолмен жайылса, 
шажырқайдағы лимфалық түйіндер түгел ұлғайып, 
туберкулездік мезаденит
дамиды; оның клиникалық бейнесі басты орын алады. 
1
Бұл көнерген атау; бұрын лимфалық түйіннің «без» деп жаңсақ аталуымен 
байланысты қолдынылған.


Нуржігіт Алтынбеков 
493
Алғашқы аффект өсіп (ұлғайып) өршіген туберкулез

біріншілік
туберкулездің ең ауыр зардапты нысаны. Оның даму барысында перифокалдық 
қабыну аймағын да казеозды некроз шарпып, алғашқы аффектінің маңында 
жаңа экссудатты аймақтар қалыптасып, олар бірігіп, біртіндеп ұлғая береді. 
Бұрын көлемі ацинустай ғана алғашқы аффект ұлғайып, бөлікшені, кейін 
бірігіп, бірнеше бөлікшені, бара-бара сегментті, тіпті өкпенің бір бөлігін 
қамтып, 
бөліктік казеозды пневмонияға
айналады. Егер біріншілік 
туберкулездің ең ауыр зардапты нысаны өрши берсе, науқас ұзаққа бармай 
өледі («өте жедел көксау»»). Кейде бөлікшелік немесе сегменттік казеозды 
пневмония ошағы жидіп, 
туберкулездік біріншілік кавернаға
айналады (269-
сурет). Кейде үдеріс созылмалы сипат алып, 
өкпелік алғашқы көксау
дамиды. 
Ол екіншілік туберкулездің фиброзды-каверналы нысанына ұқсайды, 
айырмашылығы 

казеозды бронхит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   611   612   613   614   615   616   617   618   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет