Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет619/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   615   616   617   618   619   620   621   622   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
496
Сүйек пен буын туберкулезі
есейген адамдардан гөрі балаларда жиірек. Ол -
сүйек кемігіндегі шашыранды ошақтардан (
туберкулездік остеомиелит

өрістеп, көбіне омыртқаның денесінде (
туберкулездік спондилит

түрлі түсті 
қосмыша беттегі
273-
суретті 
қара ), сүйектің ұршық (
туберкулездік коксит
) пен 
тізе (
туберкулездік гонит
) буындарына қатысты эпифизінде дамиды. Диафиз 
сирек зақымдалады. Үдеріс сүйектен буынның тіндеріне жайылған кезде 
буынның синовийлік қабықшасы да зақымдалады. Сүйек-буын туберкулезінің 
ең қауіпті зардабы сүйектің әр жерін некроз шарпып, секвестр қалыптасқанда 
байқалады, өйткені науқас құныс болып, буындарының да сиқы бұзылады. 
Спецификалы үдеріс сүйектен буынның маңындағы жұмсақ тіндерге жайылса, 
құйылма абсцестер мен жыланкөздер қалыптасады.
273-сурет. Туберкулездік спондилит. 
Бүйрек туберкулезі
, әдетте бүйректің сыңарын зақымдайды. Ол көбіне 
жыныстық жетілу кезеңінде және қарттарда байқалады. Алғашқы ошақтар 
бүйректің қыртыстық қабатында пайда болып, онда деструкция басталып, 
қуыстар қалыптасады (
түрлі түсті қосымша беттегі
274-
суретті 
қара). Бүйректің 
интерстицийінде лимфоциттер, гистиоциттер, бірен-саран эпителиоид 
жасушалар шоғырланады (
созылмалы интерстицийлік нефрит

түрлі түсті 
қосымша беттегі 
274-
суретті қара
). Несепағардың саңылауы казеозды өлексемен 
бітелсе, пионефрозға ұшыратады. Спецификалы үдеріс біртіндеп несеп 
жолдарына, қуыққа, қуықасты безіне, ен мен оның қосалқыларына жайылады. 
Жатырдың шырышты қабықшасы, түтігі, кейде аналық без де зақымдалады.
274-сурет. Бүйрек туберкулезі:
а — кесілген бүйрек; б —кавернаның қабырғасы туберкулездік 
грануляциялық тін мен өлекседен құрылған; в —туберкулездік өзгерістер аймағының төңірегіндегі 
бүйрек тіні — созылмалы интерстицийлік нефрит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   615   616   617   618   619   620   621   622   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет