Жүйкелік сифилис – жүйке жүйесіндегі сифилистік үдеріс. Ол сифилистің
барлық кезеңінде, көбінесе үшіншілік кезеңде байқалады. Жүйкелік сифилистің
мынандай нысандары бар: гуммалы және жай; қан тамырлары зақымдалатын;
өршімелі параличті және жұлын семетін. Мидағы
гумманың өзіндік құрылысы
бар. Оның көлемі тарыдай немесе көгершін жұмыртқасындай болады. Кейде
гуммалар ми тіні мен оның қабықшаларын
диффузды жайлайды . Жүйкелік
сифилистің
жай нысаны дамыса, мидың тіні мен қабықшаларына лимфоциттер
шоғырланып, қабынады. Жүйкелік сифилистің
қан тамырлары зақымдалатын
нысаны өрістесе,
облитерациялы эндартериит пен
эндофлебит орын алады.
Сондықтан қанайналымы бұзылып, ми тіні мен жұлынның кейбір жерлері
жұмсарады.
Өршімелі параличті (салды) сифилис – жүйкелік сифилистің кешеуілденген
нысаны. Мидың иірімдері жұқарып, қыртыстық қабатының астындағы түйіндер
мен мишық семеді, жалпы көлемі кішірейеді. Қарыншалардың эпендимасы ұсақ
түйіршікті болады. Микроскоппен зерттегенде мидың тіні қабынып, дистрофия
дамығаны, жүйкелік жасушалар жойылып, әр жерінде миелин азайғаны
(демиелинизация), жалпы архитектоникасы өзгергені байқалады. Глия көбейіп,
микроглиялық жасушалар таяқша тәрізді болады. Ми мен жұлынның жұмсақ
қабықшасы да қабынады. Жұлынның көбіне артқы, кейде бүйірлік бағаны
зақымдалады.
Жұлын семетін сифилис (
tabes dorsalis ) – бұл да сифилистің жұлынды
зақымдаған кешеуіл нысаны. Жұлынды көлденең кескенде, оның артқы бағаны
жұқа әрі боз түсті екені байқалады. Әдетте, дистрофия жұлынның белдемелік
бөлімінің жоғарғы жағынан басталып, алдымен сына тәрізді (Бурдах)
будаларын шарпып, кейін алдыңғы бағанға жайылады; артқы жұлындық
түбірлер жіңішкереді. Артқы бағандағы миелин қабықшалары ыдырап, нейтрал
майлар босайды. Бұл майларды глиялық жасушалар мен макрофагтар сіңіріп,
қан тамырларының адвентициялық кеңістігіне тасымалдайды.
Жұлынның жұмсақ қабықшасы да қабынады. Қабынған жерлер мен