Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет628/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   832
Байланысты:
струков патан

В
ИСЦЕРАЛДЫҚ СИФИЛИС
 
Ішкі мүшелік сифилис
– аурудың үшіншілік кезеңі; ішкі мүшелер 
зақымдалады. Үдеріс бірқатар мүшелерді (жүрек пен қан тамырлары, асқорыту 
және тынысалу мүшелері немесе сүт безі, жүйке жүйесі, сүйек, т.б.) қамтиды. 
Дегенмен, ішкі мүшелік сифилистің клиникалық бейнесі көбіне жүрек-тамыр 
және орталық жүйке (жүйкелік сифилис) жүйелерінде айқын болады. 
Жүректе 
гуммалы
аралық созылмалы миокардит
дамып, ол ауқымды 
кардиосклерозға ұласады. Түрлі көлемді артерияларда 
пролиферациялы
артериит
өрістеп, 
артериосклероз
дамиды.
Басқа артериялардан гөрі қолқа жиірек қабынады (
сифилистік
мезаортит
). 
Ол көбіне ауру жұққан соң 15-20 жылдан кейін, әдетте 40-60 жастағы ер 
адамдарда байқалады. Үдеріс қақпақшаның тап үстінен басталып, қолқаның 
түбірі мен доғасын қамтиды. Интимада ақшыл түсті, ұсақ бұдырлар мен 
тыртықты ойыстар қалыптасып, қолқа шегрен тері тәрізді болады (279-сурет). 
Егер атеросклероз қосарланса, бұл ауруға тән өзгерістер онша айқын болмайды. 
Әдетте, үдеріс қолқаның доғасы немесе төмен бағытталған бөлімімен ғана 
шектеліп, басқа бөлімі зақымдалмайды; құрсақтағы бөлімінде өте сирек 
байқалады.
279-сурет. Сифилистік мезаортит:
а — қолқаның сыртқы бейнесі; б — микробейнесі.
 
Сифилис 
vasa
vasorum
мен аба қабаттан басталып, қолқаның ортанғы 
қабатына қарай жайылады. Бұл жерлерге лимфоциттер мен плазмациттер, 
Пирогов-Лангханстың алып жасушалары мен фибробластылар шоғырланады, 


Нуржігіт Алтынбеков 
503
кейде некрозды ұсақ ошақтар пайда болады (279-суретті қара). Жасушалар 
шоғырланған жерлерде эластикалық талшықтар бөлшектеніп, талшықты 
дәнекер тін көбейеді. Сол себепті, қолқаның қабырғасы жұқарып, керіліп, 
саңылауы кеңиді, – 
сифилистік аневризма
қалыптасады. Қолқаның түбірі мен 
доғасындағы аневризма біртіндеп алға қарай ұлғайып, кейде төс сүйегінің 
қабырғалармен тұтасқан жерін қысып, жұқартып (узура), терісін томпайтады, 
тіпті тесіп өтеді. 
Қабыну үдерісі кейде қолқаның қабырғасынан қақпақшаға және 
жақтаушаларға да жайылады. Қақпақша ағарыңқырайды, тым тыртықтанып 
(бұл сифилиске тән), сиқы бұзылады, жақтаушалары бірігіп, ақырында 
қолқа 
қақпақшасында
сифилистік кемістік
қалыптасады. Бұл кемістікпен қоса, 
көбіне қолқа түбірінде аневризма дамиды. Сифилистік мезаортиттің басқа да 
зардаптары бар. Гумма жүректің тәждік артериясына жиі жайылады. 
Артерияның сағасы спецификалы қабынып, қабырғасы тыртықтанады, 
саңылауы тарылады. Тәждік артерия жүректі қанмен толық қамтамасыз ете 
алмайтын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   624   625   626   627   628   629   630   631   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет