Нуржігіт Алтынбеков
507
Классификациясы
. Сепсисті жіктеу үшін: 1)
этиологиясы
, 2)
инфекцияның
кірген қақпасы
(сепсистік ошақ) және 3)
клиника
-
морфологиялық
нышандары
ескеріледі.
Этиологиялық
тұрғыдан
,
сепсис
стрептококтік,
стафилококтік,
пневмококтік, гонококтік, көкшіл іріңдік, колибациллалық, іш сүзектік,
күйдіргілік, туберкулездік, сифилистік, саңырауқұлақтық
деп және тағы басқа
көптеген нысандарға бөлінеді. Сепсисті көбіне стафилококк пен көкшіл ірің
таяқшасы және әртүрлі микробтардың ассоциациясы (қоғамдастығы) дамытады.
Бұған клиникада антибиотиктер мен цитостатиктерді тым көп және орынсыз
қолдану себеп болады.
Инфекцияның кірген қақпасына
(сепсистік ошақ) қарай, сепсис терапиялық
(параинфекциялық), тонзиллогендік,
хирургиялық, жатырлық, отогендік,
одонтогендік, кіндіктік, криптогендік нысандарға жіктеледі.
Криптогендік
сепсис (грекше:
kryptos
—
құпия, жасырын) деп
—
алғашқы
ошағы
анықталмаған сепсис аталады. Сепсистік ошақ үнемі инфекцияның кірген
жерінде ғана емес, кейде одан шалғайда да болатынын ескерген жөн (мыс.,
іріңді аппендициттен немесе ойық-жаралы колиттен іріңдік қалыптасып, содан
өрбіген сепсис).
Достарыңызбен бөлісу: