Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет636/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   832
Байланысты:
струков патан

С
ЕПТИКОПИЕМИЯ
 
Септикопиемия
— сепсистің нысаны; көбіне инфекцияның кірген жері 
іріңдеп, басқа мүшелер мен тіндерге бактериялы эмболдар жайылып, іріңдіктер 
(іріңді 
метастаздар) 
қалыптасады. 
Гиперергиялық 
нышандар 
септицемиядағыдай айқын болмайды, ағымы да баяулау. Септикопиемияны 
көбінесе стафилококк пен көкшіл іріңді таяқша қоздырады. 
Септикопиемиядан өлгендердің мәйітін зерттегенде көбінесе инфекцияның 
кірген жерінен сепсистік ошақ және 
іріңді лимфангит
пен 
лимфаденит
табылады; лимфалық түйіндердің тіні іріңдеп, жидиді. Сепсистік ошақтың 
маңында 
іріңді тромбылы флебит
дамып, одан 
тромбылы бактериялы эмболия
өрістейді. Тромбылы эмболияның бастау көзі көбіне үлкен қанайналымы 
жүйесінің 
веналарында 
қалыптасатындықтан, 
алғашқы 
метастаздық 
іріңдіктер
өкпеде пайда болады (283-сурет). Үдеріс кейін өкпе веналарына 
жайылса (өкпенің веналарында тромбылы флебит дамыса), іріңдіктер үлкен 
қанайналымы шеңберінің мүшелері — бауырда (бауыр абсцесі), бүйректе 
(іріңді нефрит), терінің шел майында, сүйек кемігінде (іріңді остеомиелит), 
синовийлік қабықшаларда (іріңді артрит), жүрек қақпақшаларында (сепсистік 
полипті ойық–жаралы жедел эндокардит; 282-суретті қара) байқалады. 
Іріңдіктер кейде көршілес мүшелерге жайылады. Сөйтіп, өкпенің абсцесі 
плеврит және перикардитпен, бауырдағы метастаздық абсцестер іріңді 
перитонитпен, іріңді нефрит пери- және паранефритпен асқынады, терідегі 
іріңдіктерден флегмона өрістейді, т.с.с. Лимфалық (иммункомпетентті) және 
қан жасайтын тіндердегі 
гиперплазиялық үдерістер
септицемиядағыдай айқын 
бола қоймайды. Сол себепті лимфалық түйіндер онша ұлғаймайды. Дегенмен, 
талақ сепсиске тән өзгеріп, кейде пульпасында лейкоциттер тым көбейіп кетеді 
(«талақтың сепсистік лейкоцитозы»). Сүйек кемігінің жасушалық құрамы сирек 
жасарады. Паренхималық мүшелерде 
аралық қабыну
үдерісі онша айқын 
болмайды, кейде тіпті байқалмайды да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   632   633   634   635   636   637   638   639   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет