ДЕРМАТОМИКОЗДАР Дерматомикоздар эпидермамикоздарға, беткейлік және терең микоздар деп
үш топқа жіктеледі.
Эпидермамикоздар әртүрлі эпидермафиттердің әсерінен дамып, эпидермисті
зақымдайды. Микоздардың бұл тобының ең жиі түрлері – кебектәрізді (түрлі
түсті) теміреткі мен эпидермафития.
Беткейлік дерматомикоздар негізінен
эпидермисті зақымдап, дермаға жайыла қоймайды. Олардың ішінде
маңыздылары – трихофития мен таз ауруы.
Терең дерматомикоздар негізінен
дерманы зақымдап, эпидермисті де қамтиды.
ВИСЦЕРАЛДЫҚ МИКОЗДАР Висцералдық, яғни
ішкі мүшелерді зақымдайтын микоздар алуан түрлі.
Көбіне ашытқылық және ашытқы тәрізді өңездік саңырауқұлақтар,
актиномиоциттер, т.б. да саңырауқұлақтар дамытады. Кейде ішкі мүшелерді
трихофития, таз саңырауқұлағы сияқты беткейлік дерматофиттердің де
кейбіреуі зақымдайды. Аурудың ауыр ағымды бұл нысаны әлсіреп, жүдеген
науқастарда байқалып, әдетте өлімге ұшыратады.
Классификациясы. Этиологиялық тұрғыдан, микоздар 4 топқа бөлінеді: 1)
сәулелі саңырауқұлақтар дамытатын аурулар: актинмикоз, нокардиоз
(стрептотрихоз); 2)
ашытқы тәрізді және
ашытқылық саңырауқұлақтар дамытатын аурулар: кандидоз, бластмикоз; 3)
зең саңырауқұлақтар дамытатын
аурулар: аспергиллез, пенициллез, мукормикоз; 4)
басқа саңырауқұлақтар
дамытатын
аурулар:
кокцидиоидмикоз,
риноспоридиоз,
споратрихоз,
гистоплазмоз.
С ӘУЛЕЛІ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР ДАМЫТАТЫН АУРУЛАР Актинмикоз — созылмалы ішкі мүшелік микоз; іріңдіктер мен гранулемалар
қалыптасады. Оны анаэробтық сәулелі саңырауқұлақ –
Actinomyces Israeli дамытады. Ол организмге асқорыту немесе тынысалу жолдары арқылы өтеді.
Аурудың қоздырушысы кейде сау адамның кариесті тісінде, бадамша безінің
крипталарында болады, сондықтан ол көбіне эндогендік жолмен жұғады.
Актинмикоз үшін жарақаттың маңызы зор, саңырауқұлақ организмге бөгде