Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет675/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   ...   832
Байланысты:
струков патан

Жүректің құрамдас кемістіктері
. Жүректің құрамдас (комбинированный) 
кемістіктерінің ішінде ең жиілері – Фаллоның триадасы (үштігі), тетрадасы 
(төрттігі) және пентадасы (бестігі). 
Фалло үштігін 
үш ақау, яғни қарыншааралық перденің ақауы, өкпе 
артериясының стенозы және гипертрофиялы оң жақ қарынша құрайды; оң жақ 
қарыншаның ұлғаюына өкпе артериясының стенозы себеп болады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
539
Фалло төрттігіне 
төрт ақау: қарыншааралық перденің ақауы, өкпе 
артериясының стенозы, қолқаның декстрапозициясы (қолқа сағасының оңға 
ығысуы) және гипертрофиялы оң жақ қарынша кіреді. 
Фалло бестігінің
құрамына аталған төртеуіне 5-ші ақау – жүрекшеаралық 
перденің ақауы қосылады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетіні – Фалло үштігі; 
ол жүректің тума кемістіктерінің 40–50%-ын қамтиды. Фалло кемістігінің 
барлығында қан ағысы солдан оңға бағытталған, кіші қанайналымында қан 
ағысы кеміп, гипоксия мен цианоз байқалады(көк кемістік). Сирек байқалатын 
құрамдас тума кемістіктерге мыналар жатады: сол жақ қарынша-
жүрекшеаралық тесіктің стенозымен бірге дамыған қарыншаарлық перденің 
ақауы 
(Лютамбаше 
ауруы); 
қарыншааралық 
ақау 
мен 
қолқаның 
декстрапозициясы (Эйзенменгер ауруы); сол жақ тәждік артерияның өкпе 
артериясының сабағынан басталуы (Бланд–Уайт–Гарленд синдромы); өкпе қан 
тамырларының (ұсақ артериялары, веналары мен венулаларының) бұлшықетті 
қабаты қалыңдағандықтан дамитын өкпенің біріншілік гипертензиясы (Аэрз 
ауруы), т.б. 
А
СҚОРЫТУ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТУМА КЕМІСТІКТЕРІ
 
Асқорыту мүшелерінің тума кемістіктері
перинаталдық кезеңде өлген 
нәрестелер мәйітінің 3–4%-ында ұшырасса, барлық тума кемістіктердің 21%-ы 
оның үлесі. Асқорыту жолы көбіне бітеліп (атрезия) немесе тарылады (стеноз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   671   672   673   674   675   676   677   678   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет