Нуржігіт Алтынбеков
536
жарықтары да
менингоцеле
,
миелоцеле
,
менингмиелоцеле
деп жіктеледі. Өте
сирек кездесетін кемістіктің бірі –
рахиосхиз
; жұлын өзегінің артқы іргесін
бітейтін қабықшалар мен омыртқа сүйектері, тері мен басқа да жұмсақ тіндер
омыртқа жотасының өне бойында бітелмей қалады. Ашық қалған жұлын сыртқа
томпаймай, өзекшенің алдыңғы іргесінде жалпайып жатады.
Болжамы
. Орталық жүйке жүйесі тума кемістікті нәрестелердің болашағы
жақсы емес, олардың көбі өмір сүре алмайды. Ми мен жұлын жарықтарының
кейбіреуін ғана хирургиялық тәсілмен жөндеп, дұрыс нәтижеге жетуге болады.
Балалардың көбі қосымша инфекциялық аурудан өледі. Ми мен жұлынның
жарықтары іріңдеп, іріңді менингит пен менингоэнцефалит дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: