Нуржігіт Алтынбеков
77
бөлігін басымырақ жайлайды. Кейде оң жақ қарыншаның барлық қабатын
майлы тін түгел қамтып, жүрек жыртылып кетуі де мүмкін.
36-сурет. Семіздік:
а — ұйқы безінің стромасын майлы тін жайлаған (қантты диабет); б — майлы жүрек;
эпикардтың астына майдың қалың қабаты жиналған.
Классификациясы
. Семіздік оның даму себептері, науқастың сыртқы пішіні
(семіздік типі), дене салмағының «идеал массадан»
асқан дәрежесі, майлы
тіннің морфологиялық өзгерістері тұрғысынан жіктеледі.
Этиологиялық
ұстаным негізінде семіздік біріншілік және салдарлық
нысандарға бөлінеді. Біріншілік семіздіктің себебі әлі белгісіз,
сондықтан оны
идиопатиялық деп те атайды. Салдарлық семіздіктің мынадай түрлері бар: 1)
алиментарлық, оның себебі дұрыс қоректенбеу мен гиподинамия; 2) милық,
оны мидың ісіктері мен бірқатар нейротропты инфекциялар дамытады; 3)
эндокриндік топқа Фрелих пен Иценко-Кушинг, адипозагенитальдық
дистрофия, гипогонадизм, гипотиреоз сияқты
бірқатар синдромдар жатады; 4)
тқұымқуалайтын семіздікке Лоренс–Мун-Бидль синдромы мен Гирке ауруы
себеп болады.
Сыртқы пішініне
қарай, семіздік симметриялы (универсал), жоғарғы,
ортаңғы және төменгі типтерге жіктеледі. Симметриялы типте май дененің
барлық бөлімдерінде біркелкі болады.
Жоғарғы типінде май беттің, желкенің,
мойынның, иық белдеуінің, емшек бездерінің клетчаткасына көбірек жиналады.
Семіздіктің ортаңғы типінде май алжапқыш тәрізденіп, іштің клетчаткасына
жиналса, төменгі типінде – бөксе мен сан
аймақтарына және балтырға
жиналады.
Дене салмағының
көбею мөлшеріне карай, семіздік бірнеше дәрежеге
бөлінеді: Семіздіктің I дәрежесінде дененің массасы, қалыпты массадан 20-29%-
ға, II дәрежесінде – 30-49%-ға, III дәрежесінде – 50-99%-ға, IV дәрежесінде –
100%-дан астам болады.
Достарыңызбен бөлісу: