Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет737/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   733   734   735   736   737   738   739   740   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Дифтерияға тән жергілікті өзгерістер аңқаның 
шырышты қабықшасында, жұтқыншақтағы бадамшада, тынысалу жолының 
жоғарғы бөлімінде дамиды. Кейде қыз балалардың жыныстық мүшесі, 
конъюнктива, жарақаттанған жер қабынады. 
Дифтерия 
аңқа
мен 
бадамшаны
шалса, соңғысы қан толып, ұлғаяды, үстін 
ақшыл сары түсті, тығыз, қалың қабыршық басады (318-сурет). Мойынның 
жұмсақ тіндері сулы ісінеді. Аурудың ауыр әсерлі уытты нысанында су сіңу 
үдерісі тым өршіп, кейде кеуденің алдыңғы жағына да жайылып кетеді. Қабыну 
үдерісі, әдетте 
дифтеритті
болады. Эпителийдің үстіңгі қабаты жойылады, 
шырышты қабықшаға лейкоциттер араласқан фибринді экссудат сіңіп, қалың 
қабыршық түзеді. Аңқаның шырышты қабықшасы астындағы дәнекер тінмен 
тығыз жалғасқан көпқабатты жайпақ эпителиймен астарланатыны белгілі, 
сондықтан да фибринді қабыршық ұзақ уақыт сыдырылмайды; бұл – микроб 
уытының сіңіп жайылуына қолайлы. Соның салдарынан токсемия дамып, аңқа 
мен бадамша дифтеритті қабынғанда үнемі басқа мүшелер де қамтылады.
318-сурет. Дифтерия. 
Дифтеритті қабынған аңқа. 
Мойын аймағындағы лимфалық түйіндер
қан толып, едәуір ұлғаяды
кесіндісінде сарғыштау ақ түсті некрозды ошақтар мен қоңыр реңді қанды 


Нуржігіт Алтынбеков 
583
дақтар болады. Лимфалық фолликулдар сулы ісініп, қан кернеп, стаз дамып
қанталайды, некрозды ошақтар байқалады. 
Жалпы уытты әсерден
жүрек-
тамыр және жүйкелік жүйелер, бүйрекүсті безі, бүйрек пен талақ та 
зақымдалады

Жүректе
уытты әсерлік
миокардит дамиды. Жүрек қуыстарының көлденең 
өлшемі ұлғайып, бұлшықеті жұмсарып, кескенде бұлыңғырлау, тарғыл болады, 
қабырғасына тромбылар түзіледі. Кардиомиоциттерді майлы дистрофия 
шарпып, миолизді ұсақ ошақтар байқалады. Кейде жүрек интерстицийінің сулы 
ісінуі, толыққандылық пен жасушалар шоғыры басым болады. Осыған орай, 
миокардит 
альтерациялы
және 
интерстицийлік
нысанда дамиды. 
Егер миокардит аурудың 2-ші аптасының алғашқы күндерінде дамып, науқас 
жедел ағымды жүрек қызметі жеткіліксіздігінен өлсе, бұл 
жүректің 
дифтериялық ерте кезеңдік параличі
деп аталады. Дифтериялық миокардит 
кардиосклерозға ұласады. 
Дифтерия 
жүйке жүйесінің
шеткі жүйкелік сабақтары мен вегетативтік 
ганглийлерін зақымдайды. Ең алдымен аңқаға жуық жайғасқан жүйкелік 
сабақтар – тіл-жұтқыншақ жүйкелік сабағы, кезеген жүйкелік сабақ, 
симпатикалық және диафрагмалық жүйкелік сабақтар, кезеген жүйкелік сабағы 
бойындағы ІІІ симпатикалық ганглийі мен түйінді ганглийі бүлінеді. Олардың 
миелині ыдырап, 
паренхималық неврит
дамиды, орталық цилиндрі онша 
зақымдалмайды. Жүйкелік ганглийлерде қанайналымы бұзылып, жасушаларын 
дистрофия шарпиды, тіпті цитолиз байқалады. Бұл үдерістер біртіндеп өршіп
тіл-жұтқыншақ жүйкелік сабағы, диафрагмалық жүйкелік сабақ пен кезеген 
жүйкелік сабағы зақымдалса, жұмсақ таңдай, диафрагма, жүрек 1,5-2 айдан соң 
кешеуіл кезеңдік параличке
ұшырайды. Шеткі жүйкелік сабақтардың зақымды 
жерлері кейде қалпына келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   733   734   735   736   737   738   739   740   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет