Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет739/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   735   736   737   738   739   740   741   742   ...   832
Асқыну зардаптары
. Тынысалу жолының дифтериясымен ауру адамға 
интубация немесе трахеотомия жасалса, жауыр ошақтар пайда болуы мүмкін. 
Жауыр жерге қосымша инфекция түссе, көмейдің шеміршегінде іріңді 
перихондрит дамиды, кейде флегмона немесе іріңді медиастенит байқалады. 
Қазір антибиотиктер кең қолданылып, ауру бұлай асқынбайтын болды. 
Өлімнің себептері
. Науқастың өліміне асфиксия (тынысалу жолын фибринді 
қабыршық бітеп, шынайы круптен тітіркеніп жиырылады), кейде пневмония 
мен іріңді үдерістер себеп болады. Қазіргі белсенді иммундандыру 
дифтериямен сырқаттануды және одан болатын өлімді күрт азайтты. 
СКАРЛАТИНА 
Скарлатина
(итальянша: 
scarlatum
– ал қызыл, қошқыл қызыл) – стрептококк 
қоздыратын инфекцияның бірі; жергілікті қабыну үдерісі, әдетте аңқада дамып, 
осы ауруға тән бөртпелер бүкіл денені жайлайды. Көбінесе жасы 16-ға жетпеген 
балалар, кейде ересектер ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Скарлатинаны β-гемолиздік стрептококтың А 
тобының әртүрлі серологиялық варианттары қоздырады. Ауру негізінен ауа-
тамшы арқылы, кейде заттар мен тағамдар (көбінесе сүт) арқылы да жұғады. 
Скарлатинаның 
патогенезі
күрделі, микро- және макроорганизмнің 
арақатынасына байланысты үш бағытта өрістеп, 
уытты әсерлік

аллергиялық
және 
сепсистік
болады. Стрептококк алғаш рет көбінесе бадамша безде, өте 
сирек жағдайда теріде қоныстап, жергілікті қабыну үдерісін туындатады. Оның 
кірген жерінде 
скарлатиналық алғашқы ошақ (аффект)
, ал сол аймақтың 
лимфалық түйіндерінде 
лимфаденит
дамып, 
скарлатиналық алғашқы кешен
қалыптасады (Цизерлинг В.А., 1957). Аффект басқа мүшеде қалыптасқан 
скарлатина – 
экстрабуккалық
(бадамшадан тысқы) 
скарлатина
деп аталады. 
Бірінші аптаның соңы екінші аптаның бас кезінде (скарлатинаның 
I кезеңінде

антиуытты антиденелер түзіліп, уытты әсерден туындаған нышандардың 
(бөртпе, дене қызуының көтерілуі, жалпы уланудың) орнын инфекция-
аллергиялық әсерге негізделген нышандар басып, скарлатинаның 
II кезеңі
(2–3 
аптада) басталады. Бұл кезеңде микробтар мен олардың антигені алғашқы 
ошақтан лимфалық тамырлар арқылы жайылып, қан арнасына өтіп, ыдырап, 
организмді сенсибилизациялайды. Сондықтан аурудың II кезеңінде тері мен 
буындарда, бүйректе, қан тамырлары мен жүректе аллергиялық жауапқа тән 
нышандар орын алады. Аллергиядан тіндік бөгендер мен қан тамырларының 
өткізгіштігі артып, стрептококк ішкі мүшелерге жайылып, 
сепсис дамиды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   735   736   737   738   739   740   741   742   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет