Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет736/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   732   733   734   735   736   737   738   739   ...   832
Байланысты:
струков патан

Емшектегі балаларда
қабыну үдерісі кейде бронхылар арқылы жайылып, 
ұсақ ошақты коклюштік пневмония
өрістейді. Альвеолаларға ұйымалы-
лейкоцитті, тіпті фибринді экссудат жиналып, онда коклюш таяқшалары көп 
болады. Бірақ қосымша инфекцияның әсерін де жоққа шығаруға болмайды. 
Ми
сулы ісініп, тамырларын қан кернейді, ұсақ экстравазаттар қалыптасады, 
кейде мидың тіні мен қабықшаларынан ауқымды қанды ошақтар ұшырасады. 
Қанайналымы, әсіресе ретикулалық құрылымдарда және жүйкелік кезеген сабақ 
пен сопақша мидағы ядроларда бұзылып, 
нейрондар жойылады
. Коклюшпен 
сырқаттардың көбінің 
тілінің астындағы үзігі
жөтелген сайын тіске қажалып 
жыртылады
және 
жараланады

Бұл ауру басқа инфекция қосарланғанда ғана 
асқынып
, панбронхит пен 
перибронхылық пневмония дамиды; оның бейнесі қызылшадағыдай. 
Өлім
қазір сирек; көбіне емшектегі балалар шетінейді. Оған асфиксия, 
пневмония, кейде спонтанды пневмоторакс себеп болады. 
ДИФТЕРИЯ 
Дифтерия
(
diphteria
гректің 
diphthera
– қабық, қабыршық деген сөзінен
қазақша: күл) – жедел ағымды инфекциялық ауру; қоздырушы кірген жерде 


Нуржігіт Алтынбеков 
582
көбіне фибринді қабыну өрістеп, микробтың экзотоксинінің әсерінен бүкіл 
организм уланады. Балалар ересектерден гөрі жиірек ауырады; қазір ол көбінесе 
жасы 7-ден асқандарда кездеседі. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Қоздырушысы – дифтерия таяқшасы. Ол 
экзотоксин түзетін коринебактерияларға жатады. Дифтерия таяқшасы көбінесе 
бациллатасымалдаушыдан, арагідік науқастан жұғады (жұғу көзі). Дифтерия 
қоздырушысының экзотоксині тынысалу циклына қатысты ферменттердің 
биосинтезін тежейді, сондықтан тіндерде тынысалу үдерісі тоқтайды, 
холинергиялық үдерістер өзгереді, катехоламиндер дұрыс түзілмей, тіндерге 
жиналады. Қоздырушысының организмге жайылу қабілеті тұрғысынан, 
дифтерия – 
жергілікті инфекция
, өйткені дифтерияның таяқшасы 
гематогендік
жолмен
жайылмайды

Дифтерия таяқшасы организмге кіретін шырышты қабықшада көбейіп, 
экзотоксин бөледі. Экзотоксиннің организмге сіңу шамасы шырышты 
қабықшаның құрылымдық ерекшелігі мен жергілікті үдерістің зақымдалу 
деңгейіне байланысты. Экзотоксин әсер еткен жердің эпителийі өледі, қан 
тамырлары парезді кеңіп, өткізгіштігі артады, тіні сулы ісініп, қан арнасынан 
фибриноген шығады. Фибриноген тіндік тромбпластиннің әсерінен ұйыйды. 
Сөйтіп, шырышты қабықшаның зақымдалған жерлерін фибринді қабыршық 
басады. 
Экзотоксин
әсіресе 
жүрек-тамыр
және 
жүйке жүйелеріне

бүйрекүсті
безіне
ауыр әсерлі. Осындай маңызды мүшелер сабақтаса өзгергендіктен, 
жалпы қанайналымы бұзылады, оның үстіне экзотоксин организмнен 
бүйрек
арқылы
бөлініп

жолай
оның 
өзекшелеріндегі
эпителийді
де зақымдайды. 
Дифтерияның
ауыр әсерлі 
уытты
және 
өте уытты нысандары
бұрын, 
иммундандыру белсенді жүргізілмей тұрғанда жиі байқалатын-ды, өйткені 
дифтерияның уытына сенсибилизацияланған организмнің сезімталдығы өте 
жоғары болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   732   733   734   735   736   737   738   739   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет