Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет742/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   738   739   740   741   742   743   744   745   ...   832
Байланысты:
струков патан

екінші кезеңінің
дамуы екіталай, сондықтан оның алдын 
болжау қиын. Бірінші кезеңнің ауыр-жеңілдігіне қарамай, кейде екінші кезең 
дамып, аурудың 3–5-аптасын қамтиды. Егер ол осы мерзімде дамымаса
науқастың толық айығып кеткені. Екінші кезең көмескі бейнелі катарлы 
ангинадан басталады. Көбінесе ангинаға 
жедел
немесе 
созылмалы 
гломерулонефрит
қосарланып, әдетте нефросклерозға ұласады. Кейде теріде 
уртикарлық (томпақ) бөртпелер қалыптасып, васкулит, ұйымалы артрит, 
сүйелді эндокардит орын алады, жекелеген жағдайда ірі қан тамырларының 
қабырғасын фибриноидты некроз шарпып, склерозға жалғасады. 
Асқыну зардаптары
. Скарлатина іріңді-некрозды үдерістермен, мысалы 
созылмалы отитпен асқынса, науқас керең болып қалады немесе аурудың II 
кезеңінде бүйректе созылмалы ауру өрістейді. Антибиотиктерді қолданған 
кезден бастап қоздырушының бірқатар қасиеті өзгеріп, қазір скарлатинаға тән 
аллергиялық және іріңді-некрозды үдерістер өте сирек байқалатын болды. 
Бұрын науқастың өліміне токсемия немесе сепсистің зардаптары себеп 
болатын-ды. Қазір скарлатинадан кісі өлімі жоқ. 
МЕНИНГОКОКТІК ИНФЕКЦИЯ 
Менингококтік
инфекция – жедел ағымды инфекциялық үдеріс; оның үш 
негізгі нысаны бар. Назофарингит, іріңді менингит және менингококкемия, 
оқтын-оқтын, әр 25-30 жылда, оның эпидемиясы байқалады. Көбіне 5 жастан 
аспаған балалар, кейде жас шамасы әртүрлі адамдар ауырады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл ауруды менингококк (
Neisseria
meningitidis
) қоздырады. Оның пішіні кофенің дәні тәрізді; жасушаның ішінде 
немесе сыртында жайғасып, кеңсіріктен немесе жұтқыншақ аймағынан алынған 
жұғындыдан және ми сұйықтығынан табылады. Сыртқы ортаның әсеріне 
(температураның, рН пен ылғалдылықтың өзгеруіне) өте сезімтал, организмнен 
басқа жерде және мәйітте жылдам өледі. 
Менингококк ауа-тамшы арқылы науқастан немесе тасымалдаушыдан 
жұғады. Кеңсірік пен жұтқыншақ аймағының шырышты қабықшасына 
менингококк түскендердің 10–30%-ында ғана 
менингококтік назофарингит
өрбиді. Баланың 5 жасқа толғанша қан-миаралық бөгені толық жетілмейтіні 
белгілі. Сондықтан кейбір балалардағы менингококк гематогендік жолмен 
жайылып, қан-миаралық бөгеннен өтіп, мидың жұмсақ қабықшасына 
қоныстанып, 
іріңді менингит
туындатады. Организмнің иммундық жағдайы 
менингококтың әсеріне қолайлы болса, кейде өте жедел ағымды сепсис – 
менингококкемия
дамиды. Менингококкемия кезінде фагоцитозға ұшыраған 
бактериялар өте қарқынды ыдырап, эндотоксинді көп бөледі, сондықтан 
бактериялық шок
дамып, қан тамырлары ауыр зақымдалады. Ұсақ қан 
тамырларында парез байқалып, стаз бен тромбоз дамиды, төңірегі қанталап, 
мүшелерді некроз шарпиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   738   739   740   741   742   743   744   745   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет