Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет750/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өлімнің себептері
. Науқастың өліміне негізгі ауру, яғни кіндіктік сепсистің 
өзі себеп болады. 
Аурудан айыққан жағдайда, кіндіктік венаның саңылауы бітеліп 
(облитерация), гемосидероз дамиды; ал кіндіктік артериялардың қалыпты сиқы 
бұзылып (деформация), қабырғаларында ауқымды кальциноз ошақтары пайда 
болады. 
Қазір 
жаңа туғандарда инфекциялық (сепсистік) эндокардит
байқалатын 
болды; ол – бұғана астындағы венаға катетер қойғанда дамитын ятрогендік 
зардап. Оны көбінесе сарғыш немесе ақ түсті стафилококк және ауызды 
уылжытатын (молочница) саңырауқұлақ пен зең саңырауқұлақтар қоздырады. 
Катетер ұзақ тұрып, инфекция түссе, бұғана астындағы венада 
тромбылы 
флебит, 
ал
жүректің оң жақ бөлімінің қабырғасында 
және
үшжақтаулы 
қақпақшада тромбылы эндокардит 
дамып, өкпеге іріңді метастаздар жаяды. 
Бұның арты жақсы болмайды. 
Қарапайымдар дамытатын аурулар 
ТОКСОПЛАЗМОЗ 
Токсоплазмоз
– жүре немесе туа пайда болып, ми мен көзді басымырақ 
зақымдайтын 
паразиттік 
ауру; 
зооноздар 
тобына 
жатады. 
Тума 
токсоплазмозбен
көбінесе жаңа туғандар мен емшектегі сәбилер ауырса, оның 
жүре болатын нысанымен
ересек балалар мен үлкендер сырқаттанады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Аурудың қоздырушысы – токсоплазма
(
toxoplasma
грекше: 
toxson
– доға). Ол трипаносомидтерге жататын 
қарапайымды; ені 2–4 мкм, ұзындығы 4–7 мкм, пішіні мандарин бөлікшесі 
тәрізді. Токсоплазма негізгі иесінің жасушаларында көбейіп, 
псевдоциста
, ал 
тасымалдаушыда 
шынайы циста
түзеді. Бұл ауру үй және тағы жануарлар мен 
құстардың біразында байқалады. Адамға көбінесе иттен немесе мысықтан 
жұғады. Токсоплазма кейде ауру жануарлар және құстармен кәсіптік 
жанасымнан, шала піскен ет немесе шикі жұмыртқа арқылы да жұғады. Зәр, 
нәжіс, сілекей арқылы, мұрын мен конъюнктивадан бөлінген шырыш және 
жануарлардан өндірілген тағам мен өндірістік өнімдермен де жұғуы мүмкін. 
Трансплаценталық жұғу жолы да дәлелденген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   746   747   748   749   750   751   752   753   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет