Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет748/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   744   745   746   747   748   749   750   751   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Сепсистің бұрын, әсіресе шала туғандарда жиі 
байқалатын нысаны 
септицемия
-ды. Белгілі деректер бойынша, қазір 
септикопиемия
да, септицемия сияқты жиі кездеседі. 
Инфузиялық терапияны қолданғанға дейін кіндіктегі артерияның біреуі 
немесе екеуі де қабынап, артериит дамып, сепсистік ошаққа айналатын; ол 
ошақ кіндік шұңқырының тура астында, кейде одан жырақтау жайғасады. М.А. 
Скворцовтың байқауынша, кіндіктік сепсистің 68%-ында артериит, 24%-ында 
флебит, ал қалғанында омфалит немесе онымен сабақтасып артериит дамитын. 
М.А. Скворцовтың пікірінше, артерииттің жиі байқалу себебі мынада: кіндіктік 


Нуржігіт Алтынбеков 
591
баудың қалдығын байлаған кезде ондағы артериялардың ішіндегі қан ұйып, 
бактерияларға қолайлы қоректік орта қалыптасады, кіндіктегі венада қан ағысы 
тоқтап, саңылауы босап, веналар жүйесіндегі қысым кері әсерлі болғандықтан, 
артерияның қабырғасы қабысады. Қазір кіндіктік веналар арқылы түрлі емдік 
әрекеттер жасау көбейді; сондықтан сепсистік ошаққа артерииттен гөрі флебит 
жиірек айналатын болды. Көбіне катетердің ұшы тұрған жерде тромб түзіледі, 
кіндіктік венаның бұл жері бауыр қақпасымен тұстас келетіндіктен, қақпалық 
венада тромбылы флебит дамып, ол да сепсистік ошаққа айналады. 
Тек қана омфалиттен туындаған сепсистік ошақ қазір де сирек, ол көбінесе 
флебитпен немесе артериитпен сабақтас. Кейде ошақтың құрамында артериит 
те, флебит те байқалады. 
Зақымды қан тамырының қабырғасы қалыңдап, кіндікті көлденең кескенде 
өте жақсы көрінеді. Қан тамырының саңылауында тромб болады, ол кейде 
іріңдеп жидиді. Жай көзбен ірің байқалмаса, оны қан тамырының саңылауынан 
алған жұғындыдан немесе микропрепараттан іздеген жөн. 
Артериит шарпыған қан тамырында нейтрофилді және микробты тромбылар 
болады. Қабырғасын нейтрофилдер жайлап, іріңдеп, кіндіктік артерияда 
іріңді 
тромбылы артериит
дамиды. Кіндіктік вена да тап осылай өзгеріп, 
іріңді 
тромбылы флебит
орын алады (323-сурет). Дегенмен, тромбының кіндіктік 
артерияда қалыпты жағдайда да қалыптасып, кіндіктік венада тек патологиялық 
үдерістен ғана дамитынын ескерген жөн. Артериит пен флебитте 
пролиферациялы компонент басым болса, лимфоциттер мен гистиоциттер 
шоғырланып, фибробластылар көбейіп, құрамына бөгде денелік көпядролы 
алып жасушалар араласып, гранулемалар түзіледі (кіндіктік сепсиске 
саңырауқұлақтар себеп болса), кейде 
пролиферациялы
немесе 
пролиферациялы
-
іріңді
артериит
пен 
флебит
дамиды. 
Омфалит ойық жаралы-некрозды, іріңді-
некрозды
болып, тіпті 
құрсақтың алдынғы қабырғасында флегмона
өрістеуі де 
мүмкін, бірақ ол соңғы жылдары байқалмайтын болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   744   745   746   747   748   749   750   751   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет