Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет749/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   745   746   747   748   749   750   751   752   ...   832
Байланысты:
струков патан

323-сурет. Кіндіктік сепсис:
а — кіндіктік венаның іріңді тромбылы флебиті; б —бауырдағы метастаздық 
абсцестер.
 
Септицемиямен
сырқаттардың денесі сұрғылт, кейде сарғыш келеді, қанды 
дақтар болады. Терісінің шел майы өте азаяды. Паренхималы мүшелерін 
дистрофия шарпып, микроскоппен некрозды ошақтар байқалады. 
Талақ
шамалап ұлғайып, бүкіл лимфалық түйіндер 
миелоидты метаплазияға
ұшырайды. 
Айыршық без
солып, акциденталдық трансформация байқалады
бөліктері мен олардың арасындағы перделерге миелоидтық жасушалар 
шоғырланады. 
Миелоидты инфильтраттар өкпенің, бауырдың, бүйрек 
пен
 
басқа 
да
 мүшелердің интерстицийінде 
де
 
болады
.
 
Мидың тіні су сіңіп ісініп, 
толыққандылық пен стаз байқалады. Бүйрекүсті бездерінде көбінесе некрозды 
және қанды ошақтар пайда болып, липидтер азаяды (делипидизация). 
Септикопиемиямен
сырқаттарда қазір көбінесе 
іріңді менингит
дамып, 
өкпеге

бүйрекке

миокард
 
пен
 
бауырға
(кіндікте флебит дамыса) 
іріңді 
метастаздар
жайылып, 
абсцестер
қалыптасады, кейде буындар мен сүйек 
кемігі, т.б. да мүшелер іріңдейді, іріңді остеомиелит байқалады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
592
Асқыну зардаптары
. Кіндіктік сепсис көбінесе ҚДҰ-синдромымен асқынып, 
геморрагиялық диатез дамып, тері мен басқа да жұмсақ тіндер қанталайды, 
мелена 
байқалады; 
вирустық-бактериялық 
пневмония, 
ойық-жаралы 
энтероколит, іріңді отит жиі қосарланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   745   746   747   748   749   750   751   752   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет