сүйектің ісіктері де жиі дамиды. Олардың қатерсіз түрлерінен –
остеома, хондрома, остеобластосаркома , ал қатерлі түрлерінен –
остеосаркома мен
Юинг саркомасы байқалады. Қатерсіз хондромалар, яғни
шеміршектік экзостоздар көбіне мектеп жасындағы балалардың қолы мен
аяғында дамиды. Балаларда байқалатын саркомалардың 18%-ы (
Юинг саркомасын қосқанда) остеосаркоманың үлесі; хондросаркома сирек кездеседі.
Остеосаркомалардың жартысына жуығы ортан жіліктің төменгі метафизінен
өніп, көбі 11–14 жастағы балаларда байқалады. Ол өте тез өсіп, тым көп
метастаз жаяды.
Кәсіптік аурулар 5 Кәсіптік топқа өндірістік ортадағы зиянды әсерден туындайтын аурулар
жатқызылады.
Этиологиясы мен
классификациясы . Кәсіптік аурулардың бірыңғай
классификациясы әлі жоқ. Қазіргі классификация
этиологиялық ұстанымға негізделген. Осы ұстанымға сәйкес, кәсіптік аурулар: 1) өндірістік химиялық
факторлар; 2) өнеркәсіптік шаңдар, 3) физикалық факторлар; 4) қажу; 5)
биологиялық факторлар дамытатын деп 5 топқа бөлінеді.
Патогенезі. Бұл аурулардың бірқатары кәсіптік фактордың ерекше әсерінен
туындап,
спецификалық механизмге негізделсе,
кейбіреуінде
бейспецификалық механизмдер басты орын алады. Қазіргі кәсіптік
аурулардың патогенезінен едәуір ерекшелік байқалады. Бұл ерекшеліктер
химиялық
заттардың,
шаң-тозаңның,
вибрацияның,
микроклиматтық
жағдайдың, тағы басқа да факторлардың біріккен, яғни
кешенді әсерімен
байланысты. Ерекше атап өтетін жағдай — зиянды кәсіптік факторлардың
бірқатарының зардабы кешеуіл дамиды. Мысалы, асбестоз бен бериллиозға
онкогендік әсер тән деуге әбден болады, өйткені асбестозға шалдыққандардың
5
Бұл бөлімді жаңартуға қатысқан проф. М.С. Толгская мен проф. Н.Н Шаталовқа
авторлар дән ризашылығын білдіреді.