Нуржігіт Алтынбеков 604
плеврасында мезотелиома, өкпесінде карцинома жиі дамыса, бериллиоз, әдетте
өкпе карциномасына ұшыратады. Никель, хром, цинк сияқты заттар
организмнің әр жеріне ұзақ мерзімді әсер етсе, түрлі мүшелерде әртекті
қатерлі ісік дамиды. Ал, никель, сурьма, марганец, радиожиіліктегі электр-
магниттік толқын (ЭМТ), иондағыш сәуле сияқты зиянды кәсіптік
факторлардың
гонадотропты әсерінен аналық бездер мен ен семеді. Көптеген
кәсіптік факторлардың ұзақ мерзімді әсерінің зияндылығы
гонадотроптық қана
емес,
мутагенді және
эмбриотропты да (түсік тастау, тума кемістіктер, т.б.)
болады.
Өндірістік химиялық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар Бұл топ көптеген ауруларды қамтып, алуан түрлі. Оған жедел және
созылмалы улану, олардың түрлі мүшелер мен жүйелердегі зардаптары,
контактылық дерматит, онихий мен паронихий, меланодермия сияқты тері
аурулары, металл құю саласында байқалатын қалтырау мен фторпластылық
(тефлондық) қалтырау жатады.
Этиологиясы . Өнеркәсіпте қолданылып, кейде жедел немесе созылмалы
нысанда улануға және сырқаттануға себеп болатын улағыш заттар өте көп.
Ондай заттарға қорғасын, тетраэтилқорғасын, марганец, нитрогаздар мен азот
тотықтары, күшәлә мен оның қоспалары, күшәләлі сутегі, фосфор мен оның
қоспалары, көгерткіш қышқыл, дихлорэтан, төртхлорлы көмірсу, бензол
жатады. Ауыл шаруашылығында кең қолданыс тапқан инсектицидтер мен
пестицидтердің де улы әсері бар. Адамға, әсіресе фосфорорганикалық
инсектицидтер (тиофос, т.б.) қауіпті.
Патологиялық анатомиясы. Өндірістік химиялық заттардың әсерінен алуан
түрлі өзгерістер туындайды. Олардың бейнесі токсикология мен сот
медицинасының оқулықтарында толық берілген. Әр химиялық заттар тобының
өзіне тән патоморфологиялық бейнесі болатынын ескерген жөн. Басқаша
айтсақ, химиялық заттардың әр тобына ерекше сезімтал, басымырақ
зақымдалатын «нысана» мүше болады. Мысалы, хлорлы көмірсутегімен
уланғанда негізінен бауыр зақымдалса, құрамында бензолдық сақина бар улар
қан жасайтын мүшелерге, есірткілік заттар жүйкелік жүйе мен бауырға, ал
сынап пен оның туындылары жүйке жүйесі мен бүйрекке ауыр әсерлі.