Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Қыз баладағы құйымшақ-сегізкөздік тератома



Pdf көрінісі
бет761/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   832
Байланысты:
струков патан

332-сурет. Қыз баладағы құйымшақ-сегізкөздік тератома:
а — көпқабатты жайпақ эпителий; б — майлы 
клетчатка; в — бездік тін.
 
Аналық бездің тератомалары
. Балаларда, ересектерге қарағанда, қатерсіз 
дермоидтық кистадан 
қатерлі тератобластомалар
жиірек дамиды. Қатерлі 
тератобластома – жетілген тіндерден құрылған көпқуысты киста. Бұл тіндердің 
арасында жетілмеген эмбриондық пен экстраэмбриондық құрылымдар болады. 
Мұндай тератобластомалардың кейбіреуі өкпеге метастаз жаяды. Толық 
толысқан тіндерден құрылған тератомалар кейде операция жасап алып 
тастағаннан соң да, құрсақ пердесіне шашырап, жайылып кетеді. 
Еннің тератомалары
көбінесе 2 жастан аспаған сәбилерде дамиды, біразы 
нәресте туысымен анықталады. Аналық бездегідей емес, енде 
қатерсіз 
тератомалар жиірек
кездеседі. Ал ересектердің еніндегі тератомалар көбіне 
қатерлі болады. Қатерлі тератомалар 15–16 жастағы ұл балаларда байқалған: 
олар эпителийден өніп, қасаңданған жайпақ эпителийден, шырышты 
эпителийден және жетілмеген эпителийлік тіннен құрылады. 
Құрсақ пердесінің сыртындағы және мезентерийлік тератомалар
. Бұл 
тератомалардың көбі нәресте туысымен-ақ анықталады немесе сәби 2–3 жасқа 
толғанша білінеді; көлемі үлкен болады, қыз балаларда жиірек дамиды. Жамбас 
қуысынан гөрі диафрагмаға жақындау жерлерде жайғасып, әдетте қатерсіз 
болып, қатерлі нысаны өте сирек байқалады. 
Құрамында жетілмеген тін де бар, көпқуысты және тығыз құрылымды 
(солидті) тератомалардың бәрі де қатерлі ісік. 


Нуржігіт Алтынбеков 
601
Аңқаның тератомалары (аңқаның тума полиптері)
– құрсақтағы шаранада 
және жаңа туғандарда байқалатын бүртікті құрылымдар. Олар жұтқыншақтың 
үстінгі күмбезінде жайғасып, бүртік тәрізденіп өседі, бір бөлігі шырышты 
қабықшамен, екінші бөлігі терімен астарланады. Кейбіреуі өте үлкен болып, 
нәрестенің тууына кедергі жасайды. Олар көбінесе жетілген тіндер мен 
мүшелердің қалдығынан (рудиментінен) құрылады. Кейде бұл ісіктің 
нәрестенің егізі сияқтанған, көлемі баланың басындай үлкен, толық толысқан 
нысаны да ұшырасады. Ол жақсүйегіне немесе аңқа тұсына жабысып тұрады
epignatus
деп аталады. Бұл аймақта қатерлі тератомалар өте сирек дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   757   758   759   760   761   762   763   764   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет