Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет768/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   764   765   766   767   768   769   770   771   ...   832
Байланысты:
струков патан

СИЛИКОЗ 
Силикоз
(латынша: 
silicium
— кремний), яғни 
халикоз
(грекше: 
chalix
— ізбес 
тасы) — құрамына еркін кремний қос тотығы (SiO
2
) араласқан шаңның өкпеге 
ұзақ мерзімді әсерінен дамитын ауру. Құрамында еркін кремний қос тотығы 
жоқ, бірақ оның басқа элементтермен түзген тұздары — силикаттар —
араласқан шаңнан дамитын аурулар силикатоздар деп аталады (337-сурет). 
337-сурет. Силикоз. 
Кварц шаңының бөлшектері. Электронограмма. а — 10 000; б — 20 000.
 
Патогенезі
. Силикоздың даму негізі қазір шаң тінмен әрекеттескенде 
туындайтын химиялық, физикалық және иммундық үдерістер тұрғысынан 
пайымдалады. Дегенмен, механикалық фактордың әсері де жоққа 
шығарылмайды. 
Уытты әсерлі-химиялық теория
бойынша, кремний қос тотығының 
кристалдары тіндегі сұйықтықта баяу еріп, кремний қышқылының (H
2
SiO


коллоидтық ерітіндісі түзіліп, тіндерді зақымдап, фиброз өрістетеді. Бірақ, бұл 
теория силикоз кезінде дәнекер тінді көбейтетін күрделі механизмге толық 
түсінік бере алмайды. 
Физика-химиялық теория
кварц бөлшектерінің әсер ету 
механизмін олардың қристалдық торының зақымдалуы тұрғысынан түсіндіреді. 
Кристалдық тор зақымдалғанда кварц бөлшегімен тіннің арасындағы химиялық 
реакцияға қолайлы жағдай туып, ол реакция үдей түседі. Ал кварц баяу ерісе, 
жоғары полимерлі кремний қышқылы түзіліп, оның уытты әсерінен дәнекер тін 
көбейе түседі. Кремний қышқылы гликозаминогликандар тәрізді әрекеттесіп


Нуржігіт Алтынбеков 
606
коллаген талшықтарының құрамына да кіреді. 
Иммунологиялық теория
бойынша, кремний қос тотығының әсерінен тіндер мен жасушалар 
зақымдалғанда аутоантигендер пайда болып, организм 
аутоиммунданады

Антигендер мен антиденелер әрекеттескенде түзілген иммундық кешендер 
өкпедегі дәнекер тінге патогенді әсер етіп, ақырында силикоздық түйіншектер 
қалыптасады. Дегенмен, тек силикозға тән антиденелер әлі табылған жоқ. 
Кварц шаңы алдымен өкпедегі макрофагтарды зақымдайды. Макрофагтың 
цитоплазмасына сіңген кварц шаңы фаголизосоманың мембранасын бүлдіріп, 
ішіне 
кіріп, 
өткізгіштігін 
арттырады. 
Мембранасының 
өткізгіштігі 
артқандықтан, фаголизосомадан цитоплазмаға гидролиздік ферменттер 
құйылып, макрофагтың өзін ерітіп, жойып жібереді. Бұл теория бойынша, 
өлген
кониофагтардың
өнімінің
әсерінен 
фибробластылар
жанданып
, силикоздық 
фиброз сол негізде өрістейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   764   765   766   767   768   769   770   771   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет