Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет774/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   770   771   772   773   774   775   776   777   ...   832
Байланысты:
струков патан

343-сурет. Тальктік 
денешік.
Электронграмма. 


Нуржігіт Алтынбеков 
610
 
 
 
 
 
 
С
ЛЮДАЛЫҚ ПНЕВМОКОНИОЗ
 
Слюдалық пневмокониоз
— слюдалық шаңның әсерінен дамитын 
пневмокониоз; сирек кездеседі, ағымы созылмалы, әсері онша қатерлі емес. 
Слюда — минерал; алюминийлі силикат, құрамында су бар. Оның негізгі түрлері: 
мусковит, биотит, флогонит. Бұлардың әрқайсысының құрамындағы кремнийдің, 
алюминий мен басқа да қоспалардың мөлшері әртүрлі. 
Патологиялық анатомиясы
. Әдетте, қатарлы-десквамациялы бронхит 
дамып, бронхэктаз бен эмфизема да байқалады. Өкпенің аралық тінін склероз 
жайлап, әсіресе альвеолааралық перделерде, бронхылар мен қан тамырларының 
төңірегінде дәнекер тін көбейіп, асбестілік денешіктер тәрізді «слюдалық 
денешіктер» пайда болады. Лимфалық түйіндерге де шаң жиналып, склероз 
дамиды. 
МЕТАЛКОНИОЗДАР 
Металкониоздар тобына сидероз, алюминоз, бериллиоз, титаноз, баритоз, 
станиоз, т.б. жатады. Олардың ішінде айтарлықтай зерттелгендері: 
сидероз, 
алюминоз 
бен
 бериллиоз.
С
ИДЕРОЗ
 
Сидероз
— гематит (қызыл түсті темір кені, темірдің табиғи тотығы — 
Ғе
2
О
3
), өндіретін кеншілерде, металл бұйымдарын жылтыратып өңдейтіндерде, 
құю 
цехының, 
шеге 
өндірісінің 
жұмыскерлерінде 
және 
электр-
дәнекерлеушілерде кездесетін пневмокониоз. 
Патогенезі
. Бұрын өкпеде фиброз кремний қос тотығының әсерінен ғана 
дамиды, ал темірдің әсері мүлде жоқ дейтін пікірден алған-ды, ол кезде бұл 
ауру 
силикосидероз
деп аталатын. Қазір темір шаңының әсерінен де өкпеде 
фиброз
өрістейтіні
анықталып, бұл пікір бекер деп танылды. Бірақ бұл фиброз 
силикоз бен силикатоздағыдан баяулау, сондықтан өкпедегі үдерістердің даму 
барысы да қатерсіз. Темір шаңының уытты әсері жоқ, оның үстіне макрофагтар 
темірді сіңіріп, бронхылар арқылы үнемі сыртқа шығарып отырады, осы 
себептерден сидероз кезіндегі пневмосклероздың ағымы қатерлі бола алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   770   771   772   773   774   775   776   777   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет