Патологиялық анатомиясы .
Өкпенің аралық
тінінде,
әсіресе
альвеолааралық перделерде, бронхылар мен қан тамырларының төңірегінде
түрлі көлемді склероз аймақтары пайда болады. Дәнекер тініне аз ғана
жасушалар жиналып, оның әр жеріне лифоциттер мен плазмациттер
шоғырланады. Зақымдалмаған альвеолалардың саңылауында алюминийлі
макрофагтар болады. Көбіне
бронхэктаздық өзгерістер қалыптасады. Өкпенің
жиегінен эмфиземалы ошақтар байқалады.
Лимфалық түйіндер шамалап
ұлғайып, қатаяды, кесіндісі қара сұр түсті тінінде бозғылттау ақ түсті дәнекер
тіндік жолақтар түзіледі.
Жүректің оң жақ қарыншасы қалыңдап, жалпы
көлемі ұлғаяды, плазмациттер шоғырланады.
Б ЕРИЛЛИОЗ Өкпе бериллиозы — бериллий металы (Ве) мен бериллий тотығы (ВеО) және
бериллий фториды (ВеF
2
) сияқты бериллийдің басқа да қоспаларының шаңы
мен буының әсерінен дамитын пневмокониоз. Бериллий мен оның қоспалары
өте уытты.
Бериллиозбен бериллий кенінің немесе оның балқыған коспаларының
әсерінен бериллий өндірісіндегі жұмысшылар жиі ауырады. Бериллий, магний,
мыс, алюминий ерітінділерінің қоспалары үйкелістен от ұшқындатпайтын әрі
өте берік тетіктерді өндіру үшін қажет, сондықтан бериллий аспап жасау және
авиациялық техника өндірісінде кең қолданылады. Бериллий α-бөлшектері мен
γ-сәулесінің әсерінен нейтрондар бөлетіндіктен, нейтрондар көзі ретінде де
қолданыс табуда.
Патогенезі . Бериллийдің әсерінен организмде заттар алмасуы бұзылып,
аутоиммундық үдерістер өрістейді. Бұл аурудың негізгі патогенездік
механизмдерінің бірі — сенсибилизация. Өйткені, бериллий қоспаларының