Нуржігіт Алтынбеков 630
араласады. Зақымдалған тістің түбірімен тұстас жердегі альвеолалық тығыз
тімсемді, цементті, кейде дентинді де остеокластылар ерітіп ыдыратады.
Қызылиекте жыланкөз қалыптасып, ол арқылы арагідік ірің шығып тұруы
мүмкін.
Гранулемалы периодонтит кезінде тіс түбірінің айналасына грануляциялы тін
өсіп, фиброзды қабатпен қоршалады. Бұл қабық тіс түбірінің төңірегіндегі
тіндермен тығыз бірігіп кетеді. Гранулемалы периодонтиттің бұл варианты
жай гранулема деп аталады. Оның құрамында фибробластылар мен макрофагтар
басым болады, лимфоциттер, плазмациттер, ксантомды жасушалар мен
холестерин кристалдары, бөгде денелік алып жасушалар да ұшырасады.
Гранулеманың маңындағы альвеолалық өскіннің сүйегі ыдырап, кемиді
(резорбция). Қабыну үдерісі асқынса, гранулеманы кейде ірің жайлайды.
Гранулемалы периодонтиттің ең жиі варианты –
күрделі , яғни
эпителийлік гранулема (353-сурет). Оның ерекшелігі – грануляциялы тіннің арасында
көпқабатты жайпақ эпителийлі жолақтар болады. Кейде гранулемадағы
эпителий одонтогендік эпителийдің қалдығынан, Малассе ұяшықтарынан да
туындайтын сияқты. Гранулемалы периодонтиттің үшінші варианты –
кисталы гранулема . Ол эпителийлі гранулемадан туындап, эпителий мен астарланған
кисталардан құралады. Кисталы гранулема, әдетте іріңдеп, дистрофия мен
некробиоз шарпыған грануляциялы тінде қалыптасады. Оның диаметрі 0,5-0,8
см-дей. Кисталы гранулема біртіндеп дамып, жақсүйегінде радикулалық
(түбірлік) кистаға айналады
(«Жақсүйектерінің ауруларын» қара).
353-сурет. Созылмалы периодонтит. Эпителийлік гранулема
Фиброзды периодонтит – грануляциялы периодонтиттің салдары; үдеріс
бәсеңдеп, грануляциялы тін жетілген кезде туындайды.
Созылмалы апикстік периодонтиттің қай нысаны болса да, асқынып, іріңдеуі
мүмкін.